Яғни, елімізде мұғалімдердің біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге айрықша көңіл бөлінбек.
Және баланы мектепке дайындау мәселесіне айрықша назар аударған жөн. Себебі мектепке дейінгі тәрбие беру және оқыту ісіне мемлекетпен қатар ата-аналар да жауапты. Сондықтан мектепке дейінгі білім беру саласында әр балаға бөлінетін қаражат отбасының нақты табысына байланысты болуы керек.
«Осылайша, біз білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру арқылы шын мәнінде мұқтаж азаматтарға көмек көрсетеміз және мемлекеттік қолдаудың ашық болуын қамтамасыз етеміз. Түптеп келгенде, азаматтарымыздың әлеуетін арттырамыз», деп нақтылады Мемлекет басшысы.
Фото: Егемен Қазақстан