Былтыр күзде алғаш рет аудан және облыстық маңызы бар қала әкімдері сайлана бастады.
«Барлық облыста 45 әкім жаңа тәсілмен сайланды. Біз сайлау нәтижесін және сайланған әкімдердің жұмысын жан-жақты зерделедік. Соның қорытындысы бойынша түбегейлі шешім қабылдадық. Келесі жылдан бастап жаңа жүйеге біржола көшеміз. Бұдан былай аудан және облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері тікелей сайлау арқылы ғана қызметке келеді. Әкімдердің өкілеттік мерзімі аяқталуына қарай яғни, ротация мерзімі жеткенде сайлау біртіндеп өткізіле береді. Бұл да – саяси жүйені реформалау ісіндегі кезекті маңызды қадам», деді Қ. Тоқаев.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы саяси реформа – бір реттік науқан емес екендігін атап өтті. Мемлекеттің дамуына қажет болса, реформалар осылай үздіксіз жалғаса беруі тиіс.
Фото: GOV.KZ