• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Енді кімге сенеміз?

Жамбылда 4 млн-нан астам малдың 764 000 басы жоқ боп шықты

«Облыстағы бүгінге дейін бар деп келген 4 млн-нан астам малдың 764 000 басы, ал егілген егістіктің 136 000 гектары тек қағаз жүзінде болып шықты».

by Jasyn
02/09/2024
in • Енді кімге сенеміз?, Топ
0
Жамбылда 4 млн-нан астам малдың 764 000 басы жоқ боп шықты
0
SHARES
23
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек әлеуметтік желідегі парақшасындағы жазбасында осындай мәліметтер келтіреді. Облыс әкімінің орынбасары өз жазбасында осы қызметіне кіріскелі бергі атқарған шаруаларды тізбелеген. Бірден айту керек, бұл жазба сықиған ресми сарында емес, баспасөз релизіндей қаптаған цифрлардан тұрмайды. Жазба өте еркін, нақты әрі қарапайым жазылған. Тіпті мына жолдар өз оқырманын тіптен, айран-асыр қалдырып, түрлі ойларға жетелейтіні анық.

«…Қызмет уақытша, ал түбі туған жерде қаламыз. Ел бетіне істеген ісіміз үшін ұялмай қарай алатындай болуымыз керек. Принципім — осы.

…Облыстағы бүгінге дейін бар деп келген 4 млн-нан астам малдың 764 000 басы, ал егілген егістіктің 136 000 гектары тек қағаз жүзінде болып шықты. Жыл сайын егін егу мен оруға шығып жүр деп ақпарат беріліп келген техниканың тең жартысы баяғыда істен шыққан. Тек базада тіркелген, бірақ жүрмейді. Аты бар — заты жоқ 5000-ға жуық техниканы тіркеуден шығардық. Енді қолымызда қанша техника бар, егін егу мен оруға, шөп шабуға қаншалықты қажет екенін нақты есептеуге мүмкіндік туды. Техникаларды арзан қаржы көздері арқылы жаңалауға да кірісіп кеттік.

АУЫЛ АМАНАТЫ. Былтыр таратылған 24 млрд ақшаға алдық деген малдың 90% бұрыннан бар мал. Тұрған мал ары-бері құжат жүзінде ғана алынған. Жоғарыда келтірілген мал санағының қортындысының өзі-ақ сөйлеп тұр деп ойлаймын» деп жазады Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілхайыр Тамабек.

Сондықтан жергілікті әкімдік «Ауыл аманаты» бойынша ауыл тұрғындарына 50-ден астам дайын типтік бизнес жоба дайындап ұсынған. ТАУАРЛЫҚ НЕСИЕ ретінде беру тетігі әзірленген.

Жыл сайын далада шіріп қалатын пияз бен картоп, тасталып жатқан жүн мен тері, жиналған мал мен тауықтың қиы. Осылардың бәрін пайдаға асыру үшін ӨҢДЕУді қолға алып, кәсіпкерлерді қаржыландыру басталған. Пияз кептіру бойынша 2 жоба, картоптан фри жасау бойынша 1 жоба, алма шырынын өндіру бойынша 1 жоба, тасталып жатқан жүн мен теріден құрама жем мен тыңайтқыштар шығару бойынша 3 жоба, тауықтың қиынан биогумус өндіру бойынша 1 жоба қаржыландырылуда. Бұлардың әрқайсысы кемінде 200 МЛН-нан басталатын ірі жобалар. Көкөніс далада ысырап болып қалмасын деп биылдың өзінде 35000 тоннадан аса қоймалар соғу жобасы қаржыландырылған.

Облыс әкімінің орынбасары осылайша су тапшылығы, жер дауы, гранттық қаржы, азық-түлік қауіпсіздігі, ветеринария, цифрландыру салалары бойынша атқарылған шаруаларға тоқталған.

Әрине, биылғы жылдың ақпан айында ғана облыс әкімінің орынбасары қызметіне кіріскен Әбілхайыр Ғалымұлының шынайылығы, ашықтығы, жұмысқа деген құлшынысы, адалдығы елді сүйсіндіргені анық. Осындай жігерлі жас басшылар тірлікке қана емес, елдің шенеуніктерге деген түсінігіне де үлкен төңкеріс жасайтыны анық.

Әбілхайыр Ғалымұлы бұған дейінгі сұхбаттарында да егілген егістік көлемінің кем болып шыққанын, сондай-ақ осы жылдар ішінде тек қағаз жүзінде ғана көрсетілген артық гектарларға субсидия, тыңайтқыш, тұқым алынғанын тілге тиек етіп, оны тіпті Қырғызстанға саудалауы мүмкін деген де болжамдарын айтқан болатын. Облыс әкімінің батылдығын мойындауымыз керек.

Ендігі мәселе – осынау кемшіліктерге нақты кімдер кінәлі? Қай кезден басталды? Бұрын неге ешкім назар аудармаған? Қазынаның қанша қаржысы қағазда ғана көрсетілген мал мен жерге жұмсалды?

Шынында жылдар бойы адамның қолымен жасалған осынау кемшіліктерге құқық қорғау органдары назар аудара ма, жоқ па?

Фото: Inbusiness.kz

Tags: «Ауыл аманаты»Ауыл шаруашылығыӘбілхайыр ТамабекегістікЖамбыл облысыТАУАРЛЫҚ НЕСИЕ
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылда 21 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барды

Жамбылда 21 мыңға жуық бала 1-сыныпқа барды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады

Мемлекет басшысы Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевті қабылдады

9 месяцев ago
Шаштараз

Шаштараз

3 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In