• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home • Мәселенің мән-жайы

Тараз көшелеріндегі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?

Бүгінде Тараз қаласының негізгі көшелерінде жөндеу жұмыстары қолға алынып, жаяу жүргіншіге де, көлік қозғалысына да кедергілер келтіруде. Көптеген көшелер ұзақ уақыттан бері жабық. Автобустар өз бағыттарын өзгертуге мәжбүр болып, жолаушылар үшін қолайсыздық туындауда.

бойынша Jasyn
27/08/2024
in • Мәселенің мән-жайы, Қоғам
0
Тараз көшелеріндегі жөндеу жұмыстары қашан аяқталады?
0
Бөлісу
15
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Көптің көкейінде «бұл жөндеу жұмыстары қашан бітеді, жолдар қашан ашылады?» деген сұрақтың тұрғаны анық. Бұған Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков жауап берді.

— Қала аумағындағы жөндеу жұмыстары 16-сәуірде басталды, — деді Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарымен кездесуінде. — 15-і күні жылыту маусымы аяқталды, ертеңінде-ақ осы жұмыстар басталды. Негізі мұндай жөндеу жұмыстары жаз мезгілінде ғана жасалады. Қала аумағында 118 көше жөнделіп жатыр. Одан басқа су құбырларын ауыстыру, М-1 жылу жүйесін қайта жаңғырту, жылу құбырларын ауыстыру жұмыстары жүруде. Әрине, қолайсыздық туындауда. Бірақ қала тұрғындары бұған түсіністікпен қарайды деп сенемін. Себебі, жылу жүйелерін ауыстыру тікелей ертеңгі қысқа дайындық жұмыстары. Өткен жылы 200 шақырымға жуық құбырлар ауыстырылды. Кейбір ықшам аудандарда құбырлардың тозығы 90 пайызға жеткен. Яғни, жарамдылық мерзімі шегіне келді, бұдан ары қарай созатын болсақ, қыстың күні үлкен проблемаға айналуы мүмкін. М-1 жылу жүйесінің салынғанына 40 жыл болыпты. Оны ауыстыратын уақыт осыдан он жыл бұрын өтіп кеткен. Былтырғы қыста бірнеше рет апаттық жағдайлар орын алды. Мұның бәрін біз ескерту ретінде қабылдадық. Және Әйтиев көшесінде биыл 350 метр жылу құбыры ауысуы керек. Әбден тозығы жеткен. Бірақ оны қыркүйек айына қалдырып отырмыз. Алдымен М-1-ді жауып алып, содан кейін кірісеміз. Жөндеу жұмыстарының бәрі 15-қазанға дейін аяқталады. Кейбір жұмыстар оған дейін де бітуі мүмкін.

Айта кетейік бүгінде Таразда 4372 метр немесе 95 пайыз лоток және құбыр жүйесіне демонтаждау жұмыстары жүргізілген. Жалпы 6 138 метр жылу құбырының биыл 4602 метр бөлігін қайта жаңғырту жоспарланып отыр.

Фото:  08info.kz, Тараз қалалық әкімдігі

 

Tags: Жамбыл облыстық мәслихаты депутаттарымен кездесуЖамбыл облысықұбыр жүйесін демонтаждаутаразТараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

СЕНАТ ЖАНЫНДАҒЫ ТАЛДАУ МЕКТЕБІНЕ ІРІКТЕУДІҢ НӘТИЖЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ

СЕНАТ ЖАНЫНДАҒЫ ТАЛДАУ МЕКТЕБІНЕ ІРІКТЕУДІҢ НӘТИЖЕСІ ЖАРИЯЛАНДЫ

2 года бұрын
Депутат бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыруды сұрады

Депутат бала күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін арттыруды сұрады

5 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In