• RU
Суббота, 24 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ақ самаурын

Битбай қу

by Jasyn
08/08/2024
in Ақ самаурын
0
Битбай қу
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алатаудың етегіндегі Қасқасу ауылында баяғыда Битбай қу деген өткен екен. Қу тілді, сөзді тауып айтатын, аздап әпенділігі бар, жұртты күлкіге қарық қылып жүретін жан болғандықтан шығар, елдің оны «Битбай қу» деп атап кеткені.

Сол Битбай қудың заманында Қасқасу ауылының тұсынан өтіп бара жатқан керуеннің бір адамы кенеттен қайтыс болыпты. Мезгіл — жаздың кезі болса керек. Ыстық күнде марқұмның денесін алып жүру мүмкін емес. Содан керуенбасы ауылдың ақсақалдарына келіп: «Ағайын, осындай қайғылы жағдай болды, өлікті молаларыңызға жерлесек бола ма?» деген өтініш айтқан ғой.

Ауыл ақсақалдары мұндай жағдайда не десін, тек «Мұсылман ба еді?» деген жалғыз сұрақ қойыпты.

— Иә, мұсылман…

— Ә, онда жерлей беріңдер…

Сөйтіп, керуеннің жігіттері молаға барып, көр қаза бастайды. Бұл кезде Битбай қу ауылда жоқ, алыс жаққа сапарлап кетіп, енді ғана оралып келе жатқан беті екен. Айдалада атының үстінде ысқырып, әндетіп келе жатса моланың басында қараң-құраң еткен адамдарды көреді. «Ойпырмай, ауылда біреу қайтыс болған-ау шамасы, кім болды екен?» деп, дереу атының басын солай қарай бұрады.

Барса, өңкей бөтен жігіттер жер қазып жатыр.

— Ей, кімсіңдер, не істеп жатырсыңдар? — дейді бұл аттың үстінде тұрып.

Керуеннің жігіттері жөнін айтады. «Пәлен деген елге кетіп бара жатқан керуен едік, бір кісіміз аяқ астынан қайтыс болды, ауыл ақсақалдарынан рұқсат сұрап, соны осы молаға жерлейін деп жатырмыз».

Сонда Битбай қу:

— Қызықсыңдар ма, өзіміз сыймай жатқанда бұларың не? – деп дау шығарыпты.

Жігіттер жүгіріп керуенбасыға барады. Керуенбасы адамдардан сұрастырып, Битбай қудың ауылға айтқаны жүретін, әжептеуір беделі, абыройы, салмағы бар жан екенін біледі. «Ауылдың ақсақалдарын айнытып қойып жүре ме тағы?» деген күдікпен Битбай қуды «әкелеп-көкелеп» оңаша алып шығып, алақанына әжептеуір ақша қыстырған ғой.

Сонда алақанындағы ақшаға қарап тұрып Би-екең:

— Мейлі енді, бірнәрсе ғып қысылысып-қымтырылысып жатармыз, — деген екен.

Фото: Проверено.Медиа

 

 

Tags: әңгімеБитбай қу
Jasyn

Jasyn

Next Post
МАҚҰЛБЕКТІҢ ҚАРА АТЫ

МАҚҰЛБЕКТІҢ ҚАРА АТЫ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Облыста қатерлі ісікпен ауыратындар саны азайды

Облыста қатерлі ісікпен ауыратындар саны азайды

4 года ago
«Қызыл аймақта» 3 қала мен 5 облыс тұр

Жамбыл облысы «қызыл» аймаққа кірді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In