Жалпы алғанда қазақстандық қоғамдағы жастар саясатына деген көзқарасты өзгерту керек. Жастар саясатын күнделікті, жүйелі және кешенді негізде нақты жұмыстарды іске асыру қажет. Сонда ғана жастар саясатында кездейсоқ, фрагментарлық іс-шаралар қысқарады. Сонымен қатар, сан жағынан неғұрлым көп және жастардың барлық категориялары қамтылатын болады. Және жастар арасында интелектуалды және спорттық іс-шараларды жиі өткізіп тұру өте маңызды. Мұндай іс-шаралар бір жағы салауатты өмір салтын насихаттау және жастардың ой-өрісін дамытып, қабілеттерін шыңдай түседі.
Міне, Қазығұрт ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Жастар шыңы — 2024» іс шарасы өзінің осындай жаңашылдығымен ерекшеленді.
Аталмыш шараға Қазығұрт ауданының әкімі А.Исмаилов, Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Е.Бектаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Көшкінбай, аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы А.Серкебаев, облысқа қарасты аудан, қала және ерікті, талантты жастары жалпы 50-ге жуық жас қатысты.
«Сайрам – Өгем мемлекеттік ұлттық паркіне» қарасты Мақпалкөл биігіне, яғни теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікте орналасқан шыңға 2019 жыл — Жастар жылына орай, «Жастар шыңы» атауы берілген болатын. Биыл осы «Жастар шыңына» 5 жыл толып отыр.
Өгем тауына арнайы ұйымдастырылған саяхат жұмыстарының негізгі мақсаты: еліміздегі эко – туризмді дамыту, еліміздің киелі орындарымен тарихи мекендерді жастар арасында кеңінен насихаттау.
Сонымен қатар, аудан әкімі А.Исмаиловтың және шараға қатысушы жастармен бірге «Таза Қазақсатан» акциясы аясында “Jasyl Marathon 24” плоггинг болып өтті. Аудан тұрғындары мен жастарды тазалыққа шақыру мақсатында Өгем өзені бойында өткізілген тазалық жұмыстарына жастар белсенді қатысты.
Сондай-ақ облыс жастары, аудан әкімдігі, Қазығұрт аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі мен ерікті жастар арасында волейбол турнирі өткізілді.
Жарыс қорытындысына сәйкес:
1-орын «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің командасы
2-орын «Түркістан» командасы
3-орын «Қазығұрт ауданы әкімдігінің» командасы
Ал, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының қолдауымен және Түркістан облыстық «Жастар рухы» жастар қанаты мен Мақтаарал аудандық партия филиалының ұйымдастыруымен өткізілген интеллектуалды ойындардың ашылуына Түркістан облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Жұман Жансерік Бауыржанұлы, Мақтаарал ауданы әкімінің орынбасары Саттаров Нұрбол Жақсылықұлы, партия жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің мүшесі, қоғам белсендісі Олжас Мамыр, Мақтаарал аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ердешов Махамбет Ошантайұлы, Мақтаарал аудандық мәслихат аппаратының басшысы Салиев Ержан Пердебекұлы және «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы қатысып, іс-шараға қатысушыларға сәттілік тілеп, жеңімпаздар тұғырынан көрінуге тілектес екендіктерін білдірді.
Интеллектуалды ойынның мақсаты – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «AMANAT» партиясы Жастар Рухы қанатының кезектен тыс VI съезіндегі бейне үндеуінде «Жастардың бойында болуы қажет үш қасиет ретінде терең білім, еңбекқорлық, отансүйгіштікті» атаған болатын. Жастар бойындағы осы қасиеттерді дамыту, қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен тарихын зерттеу арқылы жастар арасында кеңінен насихаттау, қоғамдық белсенділікті дамытуға үлес қосу.
Жүргізуші қатысушы топтарға инттелектуалды ойынның ережелерімен таныстырып, ойынның төрт кезеңнен тұратындығы, онда облыс, аудан тарихы, өнер және спорт саласы, логикалық сұрақтар және партиялық жобалар мен мемлекеттік басқаруға қатысты сұрақтар болатынын, сұрақтар ЛЕД экраннан көрсетілетіндігін, әр кезеңдегі сұрақтарға жауап беру үшін 30 секунд пен бір минут арасында уақыт берілетіндігін түсіндірді.
Интелектуалды ойындардың бүгін өткен іріктеу кезеңіне аудан әкімі аппараты, бөлім басшылары, кенттер мен ауылдық округтер әкімдері, депутаттар, кітапхана ұжымы, Атакент ауруханасының ұжымы, жастар орталығының ұжымы, мәдениет саласының ұжымы және спорт саласының өкілдерінен жалпы 9 команда қатысып, ойын ережесі бойынша 4 шартты орындап шықты.
Командалардың дайындығын Түркістан облыстық «Жастар рухы» жастар қанатының төрағасы Жұман Жансерік Бауыржанұлы, партия жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі кеңестің мүшесі, қоғам белсендісі Олжас Мамыр, «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы Сәрсенов Мұхтар Кенжетайұлы және Мақтаарал аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Ошантаев Нұркен Махамбетұлы бағалап, бағасын берді.
Жарыс қорытындысы бойынша «AMANAT AQYLMEN» интеллектуалды ойынында алға озған 3 жеңімпаз анықталды. III-орынды спорт саласының өкілдерінен құралған «Намыс» командасы иеленсе, II-орыннан аудандық кітапхана ұжымынан құралған «Кітап Team» командасы көрінді.«Атакент» ауруханасының ұжымынан құралған «Қыран» командасы I-орынды қанжығалап, жеңімпаз атанып, ойындардың облыстық кезеңіне жолдама алды.
Жарысқа қатысушы командаларға «AMANAT» партиясы Мақтаарал аудандық филиалының төрағасы М.Сәрсенов атынан алғыс хат пен дипломдар, сертификат пен сыйлықтар табысталды.
Айта кету керек, интеллектуалды ойындардың шешуші кезеңі Түркістан қаласында 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституциясы күні қарсаңында өтеді.
Сондай-ақ Кентау қаласында “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен “Динамо” стадионында ежелгі спорт түрінен жарыс өткізілді. “Evening sport” садақ ату денсаулық кепілі саналатын сайысқа пробацияда бақылауда тұратын жастар, орталық мешіт тәлім алушылары, жалпы қала жастары қатысты. Олар белгіленген қашықтықта мергендіктерімен сынға түсті.
Сайысқа 30-дан астам жас қатысып, екі кезең бойынша жеңіске таласты. Үздік атанған командаларға бағалы сыйлықтармен қатар, қала әкімі Ж. Тасовтың алғыс хаты табысталды.
Атап айтқанда, І-орын – «Жас мерген» командасы алса, ІІ-орынды – «Ақ жебе» командасы, ІІІ- орынды – «Барыс» командасы иеленді.
Бүгін де Кентау қаласында дәстүрлі садақ атуға ниетті жастардың саны артып келеді. Осындай іс-шаралардан кейін жастарымыз ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп, төл спортымызға деген қызығушылықтары артқаны анық.