• RU
Пятница, 4 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Ең талантты, өршіл жастардың орталығына айналды

Түркістан облысында «AMANAT» партиясының 82 мыңнан астам мүшесі бар. Оның 12597-сі 35 жасқа дейінгі жастар, бұл партия мүшелерінің 15 пайызы деген сөз.

by Jasyn
22/07/2024
in • Жастар саясаты
0
Ең талантты, өршіл жастардың орталығына айналды
0
SHARES
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

2000 жылдың 4 қаңтарында «AMANAT» партиясының жанынан алғаш рет жастар қанаты құрылған болатын. Бүгінде «Жастар рухы» жастар қанаты – білімге ұмтылған, еңбекқор, елі мен жерін сүйетін, Отанына адал 100 мыңнан астам патриот жастың басын біріктіретін үлкен ұйым.

Жастар қанатының кезекті II съезінде жастар орталықтарын құру мәселесі  ұсынылып, республика көлемінде барлық облыс, аудан, қалада «Жастар ресурстық орталығы» мекемелері құрылды.

«Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жұман Жансеріктің айтуына қарағанда бүгінде Түркістан облысындағы  орталық қызметкерлері 650 мыңнан астам жасқа 12 мемлекеттік бағдарлама бойынша білім алуға, жұмысқа орналасуға, кәсіп бастауға бағыт-бағдар беруде. Сондай-ақ партияның жастар қанаты көптеген ірі әлеуметтік, экологиялық, патриоттық, мәдени-бұқаралық іс-шаралардың және қайырымдылық пен игі бастамалардың басы-қасынан табылып жүр. Олар еліміздегі жағдайлардың ешқайсысына бей-жай қараған емес, азаматтық белсенділіктері өте жоғары.

Осы уақытқа дейін жастар қанаты ребрендингтен өтіп, ұйымның қызметін трансформациялау бойынша елеулі жұмыстар атқарған болатын. Бүгінгі таңда «AMANAT» партиясының жастар қанаты – көп жылдық тарихы мен елеулі жұмыс нәтижелері бар еліміздегі ең ірі саяси жастар ұйымы болып саналады. Ұйым жастарды партия төңірегіне шоғырландырып, қатарына ең талантты, өршіл жастарды тартудың орталығына айналды.

Жастардың білімін көтеруге, еңбекқорлығы мен патриотизмін оятуға бағытталған жобалар әзірленді. Соның бірі – «QAISAR» әскери-патриоттық жобасы. Былтыр мамыр айында өткізілген «QAISAR» әскери-патриоттық республикалық ойындарында Түркістан облысы бас жүлдені жеңіп алған болатын.

Аталған жобаға 3000-нан астам қатысушыны қамтитын 250-ден астам команда қатысты.

Кез келген елдің қозғаушы күші – жастар десек, олардың зияткерлік әлеуетін, кәсібилігін арттыру, бойларына еңбекқорлық қасиетті сіңіру маңызды іс. Сондықтан Жастар қанаты жастарды жұмысқа орналастыру мәселелеріне ерекше ден қояды. Осы мақсатта «Жастарға жұмыс» жобасы аясында еліміздің барлық өңірлерінде және ірі қалаларда жастарға арналған бос орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Биыл Түркістан қаласында өткен «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіне 30-дан астам жұмыс беруші мекеме 200-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.

Әлемдегі климаттық өзгерістер, жаһандық жылыну, табиғи ресурстардың азаюы сынды мәселелер – өркениеттің кезекті қиындықтары. Сондықтан қоршаған ортаны қорғау, адамдардың экологиялық сауаттылығын арттыру – біздің төл міндетіміз. Осылайша «Жастар Рухы» жастар арасында экологиялық сауаттылықты арттыруға баса мән беретін «TazaLIKE» жобасын әзірлеп, жүзеге асыруда. Жоба аясында еліміздің барлық өңірлерінде 100 мыңнан астам адамның қатысуымен 1100-ден астам экологиялық акция өткізілді.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев өзінің «Әділетті  Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Жолдауында заң мен қоғамдық тәртіпті мүлтіксіз сақтауды қамтамасыз етуді тапсырғаны баршамызға белгілі. Президент көшелердегі және табиғаттағы вандализм, кейбір азаматтардың мәдениетсіздігі біздің еліміздің халықаралық аренадағы имиджіне кері әсерін тигізетініне назар аударды. Сондықтан биыл атқарылған маңызды жұмыстардың көшін бастап тұрған жобалардың бірі – вандализммен күрес. «Жастар Рухы» бұл мәселемен күрес аясында вандализмге қарсы петиция жариялап, оған 16 мыңнан астам қазақстандық қол қойды.

Қазақстанның тарихи, мәдени және табиғи мұраларын вандализмнен қорғау жөніндегі ауқымды акцияларымыз одан әрі жалғасуда. Жастардың алаңдаған мәселесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев назар аударып, оны Ұлттық құрылтайда көтерді. Партия бақылауының нәтижесінде табиғатымен талайды тамсандырған Бурабай, Оқжетпестегі вандалистік істерді жою үшін арнайы техника сатып алынатын болды.

Түркістан өңірінің табиғат жанашырлары мен белсенділері бірлесіп Қожа Ахмет Ясауи кесенесі маңын, Сауран ауданында Сауран қалашығы мен Қазығұрт ауданында «Кеме қалған» монументін тазалады. Акцияға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев, облыстық мәслихат депутаты Динара Егамбердиева және 500-ден астам жас атсалысты.

Биыл Ұлы Жеңістің 79 жылдығына орай Түркістан облысындағы Ұлы Отан соғысының 11 ардагерінің үйіне барып, ауласын тазалау, әрлеу сынды волонтерлік көмектер көрсетілді. Жастар ғасыр жасаған аталардың баталарын алды.

30 тамыз – ҚР Конституциясы күніне орай 2022 жылы бастау алған «AMANAT AQYLMAN» интеллектуалды жарысы дәстүрлі түрде өтетін болады. Интеллектуалды жарыстың аудан, қалалық іріктеу кезеңі шілде, тамыз айларында өтеді. Іріктеу ойындарының жеңімпаздары облыста кім мықтыны анықтайды. Бұл жоба партиялық 20 пайыздық трансферт есебінен жүзеге асырылмақ.

— Біз елімізде алғаш рет өңірдегі тіркелген партиялар арасында кіші футболдан жарыс өткіздік. Биыл да ол өз жалғасын табады. Ақтық бәсекелер Республика күніне орай өтеді. Біз, Мемлекет басшысы айтқандай, әділ және үйлесімді әлемнің болашағы туралы жеке көзқарасымызға ие болуымыз керек, өзара жауапкершілік пен ынтымақтастық негізінде инклюзивті даму және жасампаз прогресс жолымен сенімді жүруіміз керек. Сондықтан белсенді және жемісті жұмыс атқаруға дайынбыз, — дейді «Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жұман Жансерік.

Жалпы алғанда Түркістан облысында 14-35 жас аралығындағы жастар саны 663 мыңнан асып, халық санының 30 пайызын құрайды. Бұл – үлкен демографиялық көрсеткіш және адам капиталы. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толып отыр. Осы аз ғана уақыт ішінде Түркістан қаласында жастарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында түрлі мәдени, спорттық нысандар бой көтерді.

Облыстағы жұмыссыз және NEET санатындағы жастардың үлесін азайту мақсатында 40 863 жасты тарту жоспарланған болатын. Жастарды аталған мемлекеттік бағдарламалармен қамту және ақпараттандыру мақсатында аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтары насихаттау жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 6 айда 10 008 жас тартылды. Қазіргі таңда, орталықтарда мемлекеттік бағдарламаларды насихаттау мақсатында 169 918 жасқа кеңес берілді.

Фото: Gov.kz

Tags: «QAISAR» әскери-патриоттық жоба«TazaLIKE» жобасы«Жастар ресурстық орталығы» мекеме«Жастар рухы» жастар қанатыТүркістан қаласы «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесіТүркістан облысы «AMANAT» партиясы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Болат Момышев берешегін қайтарды ма, жоқ па?

Болат Момышев берешегін қайтарды ма, жоқ па?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

23 миллион теңгелік тиін, 40 миллион теңгелік айтыс. Ханзада Есенова «мал шашпақ» бастамаларын Шымкентте де қайталап жатыр ма?

23 миллион теңгелік тиін, 40 миллион теңгелік айтыс. Ханзада Есенова «мал шашпақ» бастамаларын Шымкентте де қайталап жатыр ма?

4 года ago
Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға салықтар мен төлемдерді төлеу кейінге қалдырылады

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға салықтар мен төлемдерді төлеу кейінге қалдырылады

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In