• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Салалық журналистиканы дамыту және қолдау

БАҚ саласының өзекті мәселелері талқыланды

Газет – қоғамдық мінбер. Бұрын оқырмандар баспасөз арқылы жетістіктерін жария етіп, ойларын ортаға салып, ұсыныс-пікірлерін білдіріп жататын. Енді қазіргі оқырман қауымның белсенділігі қалай?

by Jasyn
07/08/2024
in • Салалық журналистиканы дамыту және қолдау, Топ
0
БАҚ саласының өзекті мәселелері талқыланды
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Әрине, заман өзгерді, қоғам өзгерді. Қазір технологияның дамуына байланысты жұрттың өз пікірін білдіретін, ортаға салатын мүмкіндіктері көбейді. Қазір қолында ұялы телефоны, интернеті бар адамның барлығы әлеуметтік желілерде өз ойын білдіріп, қоғамдық пікір тудырып жатады. Осыдан кейін газеттерге хат жазушылардың қатары азайғаны рас. Бірақ әлі де баршылық. Алыс ауылдардан хат жазатындар бар. Редакцияның электрондық поштасына жолдайтындар да бар. Одан бөлек түрлі мекемелер өздерінде өткен іс-шаралар туралы немесе атқарып жатқан жұмыстарының барысы туралы хаттар жіберіп жатады. Былайша айтқанда редакциялардың хат қоржыны бос емес.

Оқырмандар тарапынан келетін хаттар легі саябырсығанымен қалам ұстаған ағайындардың қалың бұқарамен, халықпен, оқырманмен кездесу үрдісі еш тоқтаған емес. Мұндай кездесулерде елдің тыныс-тіршілігі, мәселесімен қатар БАҚ саласының да проблемалары жақсы көтеріледі.

Міне, Түркістан облысы Қазығұрт ауданында өткен «БАҚ және қоғам» атты рухани іс-шарада бүгінгі журналистканың жай-күйі, проблемасы, алдағы соқпағы туралы келелі ойлар айтылды.

Иә, байланыс және ақпарат құралдары халықтың тіршілігінен, әлеуметтік әл-ауқатынан, руханияты мен қоғам тынысынан хабар тарату арқылы елді ақпараттық жағынан күшейтетін қажетті құрылым. Бүгінгідей ақпараттық заманда халықтың БАҚ өкілдерін төртінші билік иелері деп дәріптеуі де бекер емес.

Журналистер — қоғамдық сананы қалыптастыруға, мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясатын қалың бұқараға насихаттауға, қоғамда орын алып отырған олқылықтар мен кемшіліктерді сынға алып, оны жедел ретке келтіруге әрдайым ұйытқы болады. Сол арқылы демократиялық қоғамның дамуы мен Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып жүр.

Осы бағытта журналистиканың қоғаммен байланысын нығайту, ақпарат саласы қызметкерлерінің жұмысының қыр-сырын халыққа түсіндіру және көпшілік оқырманға аға буын журналистердің өмір жолын үлгі-насихат жасау мақсатында Қазығұрт аудандық орталық кітапханасының ұйымдастыруымен «БАҚ және қоғам» атты рухани іс-шара өтті.

Сыр сұхбат форматында өткен рухани кешке Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Парасат», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақстанның Құрметті журналисі, Қазақстан Журналистика Академиясының академигі Дулат Назарбекұлы Әбіш және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазығұрт ауданының «Құрметті азаматы», «Ақпарат саласының үздігі», «Еркін-ой» газетінің редакторы Балтабек Түйетаев арнайы шақырылды. Сондай-ақ, Түркістан қаласы, Ордабасы және Отырар аудандарынан өзге де қонақтар келіп қатысты.

         

Көпшілік оқырман қауымның, аудан тұрғындарының қатысуымен өткен бұл шараға Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов арнайы қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, қадірлі қонақтар және сыр сұхбатқа қатысушы аудиториямен игі ниеттерімен бөлісті. Рухани кеш барысында жақында Пайғамбар жасына толған жерлесіміз Балтабек Түйетаевқа қазақтың салтына сай сый-құрмет көрсетіліп, иығына шапан жабылды.

Ауданымызға арнайы келген бұл кештің қадірлі қонақтары, ақпарат майданының майталмандары алдымен кітапхана ұжымының ұсынған көрмесін, бейнежазбаларын тамашалап, өз оқырмандарымен әдемі сұхбат құрып, сырласып, қойылған сұрақтарға жауап беріп, естелік фотоға түсті.

— Қазығұрт ауданында, туған жерімде БАҚ өкілдерімен ерекше бас қосу болды. «БАҚ және қоғам » тақырыбында ерекше ауқымды іс -шара өтті. Осы іс-шараны ұйымдастырған аудан әкіміне, аудандық кітапхана ұжымының басшысы Райыбек Айтубайға алғысымыз шексіз. «Сыр сұқбат » аясында өткен іс-шарада қоғамның және журналистика саласының өзекті мәселелері талқыланды. БАҚ-тың бүгінгі қоғамдағы рөлі, журналист өмірінде орын алған қызықты оқиғалар, ұлттық құндылықтар, Қазығұрт ауданында жүзеге асатын болашақ игі жобалары жайында кеңінен әңгіме өрбіді. Бас қосуға келген журналистика саласының майталмандарына және аудан басшысына шараға қатысушылар тарапынан сұрақтар көп қойылды. Бәріне нақты, қанағаттанарлық жауаптар берілді, — дейді бұл жөнінде «Еркін-ой» газетінің редакторы Балтабек Түйетаев.

Журналистика саласында тәжірибесі мол, қаламдары қарымды қаламгерлерді төрге шығарып, сый-құрмет көрсеткен бұл жиын шынында еркін форматта өтіп, ашық-жарқын әңгіме айтылды.

Қ.Өмірәлиев атындағы орталықтандырылған кітапхана ұжымы ұйымдастырған кездесу кешінде Қазақстан Журналистика академиясының академигі, халық қалаулысы Дулат Әбіш журналистика тіршілігі жайлы әсерлі әңгімелерімен бөлісті. Журналистиканың жұрт біле бермейтін қызығы мен қиындығы жайлы ашық әңгіме, бастан өткерген оқиғалар қазығұрттықтарға ерекше әсер қалдырды.

 

Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Ақпарат саласының үздігі, Қазығұрт ауданының “Құрметті азаматы” Балтабек Түйетаев 40 жылға жуық еңбек жолын аудандық газеттен бастап, облыстық, республикалық мерзімді басылымдарда қызмет еткен.

Сондай-ақ Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмаилов кездесуде ауданның даму жоспары туралы баяндап, киелі ауданның әлеуетін арттыратын жұмыстармен таныстырды. Биліктің жұмысын бұқараға таныстырып жүретін журналистердің еңбегін жоғары бағалады.

— Журналистер қоғамдық сананы қалыптастыруға, мемлекет басшысының ішкі және сыртқы саясатын бұқараға насихаттауға, қоғамда орын алып отырған олқылықтар мен кемшіліктерді сынға алып, оны жедел ретке келтіруге әрдайым ұйытқы болады. Сол арқылы демократиялық қоғамның дамуы мен тәуелсіз еліміздің өркендеуіне елеулі үлес қосып жүр. Уақыт ілгерілеген сайын ақпарат саласы сала-салаға бөлініп, жаңа кезеңдерге аяқ басуда. Соның ішінде сан ғасырлық тарихы бар баспасөз саласының орны ерекше. Өңіріміздің және республикамыздың баспасөз саласын дамытуға және журналистика саласының жаңа деңгейге көтерілуіне үлес қосып жүрген ақпарат майданының майталмандары Дулат Назарбекұлы мен Балтабек Исақұлының еңбектері өте зор, — дейді Қазығұрт ауданының әкімі Азизхан Исмайлов.

Сондай-ақ, Дулат Әбіш те қазіргі журналистиканың жай-күйі туралы ойларымен бөлісті.

— Мен мектептен журналистикаға келген адаммын. Кеңес одағының кезінде мектепте қызмет істеп жүріп әділеттілік іздеймін деп осы журналистикаға келдім. Журналистикаға жаңадан келген кезде облыстық комсомол жастар газетінде 5 жігіт жұмыс істедік. Еңбек жолымыз осылай жастар газетінен басталды. Бәріңізге белгілі «Айғақ» газетін не үшін аштым? Ол кезде мемлекеттік газеттер көп болатын. Алайда ол басылымдар біздің ойымызды, пікірімізді жариялай бермейтін. Бір жағы өздеріңіз білесіздер, оған кеңес идеологиясы да мұрша бермеді. Осы нәрсе менің тәуелсіз газет ашуыма түрткі болды, — деп ағынан жарылды кездесуде Дулат Назарбекұлы.

— Жиырма жылдай осы аудандық газетте еңбек етіп, кейіннен «Жас Алаш» газетінің меншікті тілшісі қызметіне ауыстым. Қайда жүрсем де туған жерімді әрдайым мақтаныш тұтамын. Журналистер билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір ғой. Әрдайым осы үдеден шығуға тырысамыз, — дейді «Еркін ой» газетінің бас редакторы, Қазығұрт ауданының Құрметті азаматы Балтабек Түйетаев.

Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Болат Жанәбіл осындай іс-шараларды аудандарда жиі ұйымдастыру қажеттігін, өйткені мұндай кездесулер халықты жақсылыққа жетелейді, сондықтан облысымыздың барлық аудандарында осындай кездесулер ұйымдастырамыз деген ойын айтты.

Кездесуде көрермендер тарапынан сұрақтар қойылып, қызу пікірталасқа ұласты.

Фото: Әсет Әссанди

 

 

 

 

Tags: "Сыр сұқбат "«БАҚ және қоғам» атты рухани іс-шараБАҚГазетжурналистика саласының майталмандарыРухани кешТүркістан облысы Қазығұрт ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылда екі басқарманың бір айда бір қосылып, қайта бөлінуіне не себеп болды?

Жалғыз директордан басқа қызметші жоқ, ал директор Қостанайда тұрады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Өз кәсібін ашу – әрбір жастың арманы

Өз кәсібін ашу – әрбір жастың арманы

7 месяцев ago
Қазақстанда карантин режимі жеңілдетіледі

Қазақстанда карантин режимі жеңілдетіледі

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In