• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Жастардың бірлігін нығайтатын іс-шаралар көп болса…

Жастар – үлкен күш. Жастар дегеніміз – жалын от. Жас жүрген жер -- мереке. Түркістан облысы -- жастарының көптігімен ерекшеленеді. Қолынан іс келетін, ойлы да биік рухты, жігерлі де іскер жастарының көптігімен ерекшеленеді.

by Jasyn
07/08/2024
in • Жастар саясаты
0
Жастардың бірлігін нығайтатын іс-шаралар көп болса…
0
SHARES
17
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Дәл қазіргі уақытта елімізде жастар саясатына деген қолдаудың аяққа нық тұрып, берекесі артып тұрғаны анық. Ел экономикасының дамуына бірден-бір үлес қосатын маңызды салалардың тізгінін жас мамандардың ұстауы күн санап артып келеді. Әрине, бұл дегеніңіз жастарға деген үлкен сенімділіктің бастауы.

Жастар ынтымақ-бірлікті болса алмайтын асу жоқ. Міне, жастар саясатының да басты мақсаты — жастардың әлеуметтік-мәдени деңгейін көтеру арқылы, патриоттық сезімдерін қалыптастыру, Қазақстан халқының салт-дәстүрі мен мәдениетін сақтау, ұлтаралық татулық пен дінаралық толеранттылықты нығайту, сонымен қатар терең білімге, заманауи ғылымға және ұлттық тәрбиеге құштарлығын арттыру екені белгілі. Қазақстан жастары қашанда іскерлігі және жаңашылдығымен ерекшеленуі тиіс.

Міне, жақында Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ мен Шардара аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен облыстық «Жастар слеті: Тәжірибе алмасу алаңы” атты жастар слеті жас буын арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталды. Сондай-ақ бұл іс-шара лудоманияның алдын алу және салауатты өмір салтын насихаттау, өзіндік шеберлігін көрсете білуіне көмек беру, жастарды республикалық, облыстық сайыстарға шыңдау мақсатында өтті.

Шараның салтанатты ашылуына Шардара ауданы әкімінің орынбасары Бауыржан Шомпиев мен Түркістан облысы тергеп тексеру департаментінің аға офицері Гүлзия Қарсыбай, Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Ернар Бектаев, жастар ұйымдарының басшылары, облыс, аудан, қаладан келген жастар орталығының қызметкерлері, ерікті жастар қатысты. Нақтырақ айтсақ, аталған шараға 200-ге жуық жас қатысты. Олар алдымен Шардара ауданының тарихы көрсетілген көрмені тамашалады.

                  

Жастар слетінде командалар арасында эстафеталық жарыс өтті. Эстафеталық жарысты ұйымдастырудың негізгі мақсаты — жастарды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып,шапшаңдыққа, төзімділікке, ептілікке, жастарды салауатты өмір салтына тәрбиелеу болып табылады.

Шараға қатысушылар 4 кезеңде суда жүзу, кедергілерден өту, жорғалап жүру, құм толтырылган қапшықпен жугіру, скакалкамен секіріп жарысқа түссе, қалған аудан, қала жастары арасында құмнан қалашық жасау бойынша командалық сайысқа түсті.

— Командамызбен бірге әр кезеңнен сүрінбей өтуге тырыстық. Қатысушылардың жеңіске деген ынтасын көріп, біз де жігерлене түстік. Осындай жастардың бірлігін нығайтатын сайыстар көбірек болса деген ойдамын. Жарыстар өте қызықты өтті, – дейді сайысқа Мақтаарал ауданынан келген қатысушы Жасұзақов Есімхан.

Сондай-ақ «Таза Қазақстан» экоакциясы аясында плоггинг және «Лудомания – қоғам дерті» атты семинар-тренинг өтті. Бұл бойынша мамандар баяндама жасап, жастарды лудоманиядан аулақ болуға шақырды.

Бұл семинар-тренингтің мақсаты — өз денсаулығына жауапты мінез-құлық дағдыларын дамыту, жастардың өз құндылықтарын білуіне ықпал ету. Құмар ойынына тәуелділік және оның даму кезеңдері, сондай-ақ тәуелділік қай сәттен бастап пайда болады , құмар ойындарға тәуелді адам қандай белгілерді көрсететіні талқыланды.

Семинар-тренингте Түркістан облысы тергеп тексеру департаментінің аға офицері Қарсыбай Гүлзия мен “Komek center” тәуелділікті оңалту және емдеу орталығының психологі, педагогика ғылымдарының магистрі, практик психолог Тұрсынбаев Айсұлу жастарды құмар ойыннан аулақ болуға шақырып, жастарға кеңестермен тимбилдинг өткізді.

— Лудомания – үлкен дертке айналған қауіпті құбылыс. Жалпы, құмар ойындарының зардабы елдің дамуына кері әсерін тигізіп, адамның кері кетуіне ықпал ететіндігін нақты ұғынуға тиіспіз. Ел болып, бесігімізді түзетеміз десек, жастарымызға бұл дерттің зиянын барынша ұғындыруымыз қажет. Осы шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат — аудан жастарын құмар ойыннан аулақ болуға шақыру, зардаптары мен салдарын көрсету болып табылады, — дейді Қарсыбай Гүлзия.

Тренинг соңында қатысушылар ақпараттан алған әсерлерімен бөлісіп, өздері қандай қорытынды жасағандарын айтып, осы тақырып бойынша қызықтырған барлық сұрақтарына жауап алды.

Сонымен бірге жастар слетінде суда шомылу ережесін үйрету бойынша оқу-жаттығу сабақтары өткізілді.

Суда шомылу ережесін үйрету бойынша оқу-жаттығу сабақтарының өткізілудің негізгі мақсаты — жастарды суда жүріс-тұрыс ережелеріне үйрету, сондай-ақ жастардың суда алғашқы көмек көрсету ережелерін нақты меңгерту және жүзу, шомылу кезінде қалыптасқан төтенше жағдай болған жағдайда өздігінен шешім қабылдауға ынталандыру, облыс су айдындарында азаматтардың өлімінің алдын алу болып табылады.

Оқыту барысында Шардара қаласының жедел құтқару жасағының мамандары арнайын келіп, оқу-жаттығу сабақтарын көрсетіп берді. Сонымен қатар судағы қауіпсіздікті сақтауға құтқарушы топ кезекшілігі қойылған.

— Көп адамның суда жүзе білмеуі, адамдардың суда қауіпсіздік ережелері шараларын орындамауынан орны толмас қайғы мен өкінішке айналып жатады. Сондықтан осындай келеңсіз оқиғаларды болдырмау үшін суда шомылудың қауіпсіздік шараларын білу маңызды, — дейді бұл жөнінде Ернар Бектаев.

Қалай айтсақ та судағы апаттан қорғанудың ең сенімді жолы — суда шомылу ережелері мен қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау екені анық.

Атйпақшы шара аясында 2,5 пайыздық несие алған жастар мен «Бизнес бастау» қайтарымсыз грант жеңіп алған кәсіпкерлердің өнімдерімен және «Шардара Армспорт» клубының тарихы және «Шардара чемпиондары» ауданнан шыққан үздік спортшылардың жетістіктері, аудан өнімдерінің жәрмеңкесі: қауын, қарбыз, балық өнімдерінің дайындалу мен өсірудің әдіс-тәсілдері, мұражай, қолөнершілер, суретшілер көрмесі, №16 колледждің шығармашылық жұмыстары таныстырылды.

Сонымен қатар, 2,5% несие алған жастарымыз өздерінің кәсіптерімен таныстырып, қатысушы жастар құрсақ шашу дәстүрі көрсетілді.

Жарыс қорытындысына сәйкес қазығұрттық жастар жүзден жүйрік шығып, жеңімпаз атанды. Ал, екінші орын Сарыағаш ауданының жастарына бұйырса, үшінші орынға Келес ауданының командасы табан тіреді.

Сонымен қатар қатысқан командаларға арнайы ынталандыру сыйлықтары берілді.

Фото: Шардара ауданы әкімдігі

 

Tags: жастар саясатыЖастар слетілудоманиясалауатты өмір салтын насихаттаусеминар-тренингТүркістан облысы Шардара
Jasyn

Jasyn

Next Post
БАҚ саласының өзекті мәселелері талқыланды

БАҚ саласының өзекті мәселелері талқыланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ақбұлымның түні жап-жарық

Ақбұлымның түні жап-жарық

4 года ago
Әсел Айтпаеваның өлімі: Қазақстан Грузияға тергеу тобын жібереді

Әсел Айтпаеваның өлімі: Қазақстан Грузияға тергеу тобын жібереді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In