• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясаты

Басты мақсат – жұмыссыз жастар санын азайту

Кез-келген елді дамытушы негізгі күш – жастар екені белгілі. Қазақ халқы мұны «жас келсе – тірлікке» деп бағзы замандардан айтып келеді. Адам жас кезінде алғыр, ізденімпаз, жаңашыл, қайсар, жігерлі болады. Сондықтан жастарға дер кезінде жақсы білім, тәрбие беріп, дұрыс бағыттау қажет. Сонда ғана жастардың жастық жігері еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосады.

by Jasyn
17/07/2024
in • Жастар саясаты
0
Басты мақсат – жұмыссыз жастар санын азайту
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгінгі жастарымыз тәуелсіздік жылдары өмірге келіп, білім мен тәлім-тәрбие алуда. Соңғы жылдары жастарға арналған түрлі жобалар дамып келеді: «Жастар тәжірибесі», «Жасыл ел», «Дипломмен ауылға», «Жастар кадрлық резерві», «Мемлекеттік қызмет мектебі». Бұл жобалар жастардың барлық категорияларын қамтып, оларды біріктіреді.

Түркістан облысы – демографиялық өсімі жоғары аймақ. Соның ішіндегі 14-35 жас аралығындағы жастар саны 663 мыңнан асып, халық санының 30%-ын құрайды. Түркістан қаласының өзінде бүгінде 72 мыңға жуық жас тұрады.

Нақтырақ айтсақ, Түркістан қаласында 14-35 жас аралығында 71 486 жас бар. Қаладағы 2 жоғарғы оқу орында 12 265 студент білім алып жатыр. 8 орта арнаулы оқу орындарында студенттер саны – 7441.

Бұл – үлкен демографиялық көрсеткіш және адам капиталы. Биыл Түркістан облысының құрылғанына 6 жыл толып отыр. Осы аз ғана уақыт ішінде Түркістан қаласында жастарға қолайлы жағдайлар жасау мақсатында түрлі мәдени, спорттық нысандар бой көтерді. Соның бірі – жақында ғана тұсауы кесілген Түркістан қаласының «Жастар ресурстық орталығы» ғимараты. Бұл ғимарат Түркістан жастарына шабыт беріп, елге қызмет ететін жастарды біріктіретін бастамашыл орталыққа айналып отыр.

Жастар орталығына арналған бұл нысан жергілікті бюджет есебінен бой көтерді. Сәулеті мен салтанаты келіскен ғимарат тәулігіне 100-ден аса жасқа қызмет көрсетеді. Онда жастарға білімін көтеріп, салауатты өмір салтын ұстануға, шығармашылықпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Орталық арнайы демалыс аймағы, стрит-воркаут алаңы, электронды кітапхана бөлмесі, үйірмелерге арналған бөлмелер, шағын спортзал және көпфункционалды залдарымен қамтамасыз етілген. Еріктілерге арнайы үлкен зал мен кинотеатр да қарастырылған. Одан бөлек, орталық жанынан амфитеатрдың құрылыс жүргізіліп жатыр.

Жалпы алғанда Түркістан облысында бүгінде 14-35 жас аралығында 663 мыңнан астам жас тұрып жатқанын жоғарыда айттық. Бұл өңірдегі жалпы халық санының 30 пайызын құрайды. Жұмыссыз жастарды, оның ішіндегі NEET санатындағылардың арасында жұмыссыздықты азайтуға бағытталған 12 мемлекеттік бағдарлама жұмыс істейді. Мақсаты – 40 863 адамды жұмыспен қамту.
Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайту, оларды мейлінше еңбекке баулу – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан осы салада бірқатар мемлекеттік бағдарламалар қабылданған.  Ал, осы бағдарламаны басшылыққа алатын мекеме облыс жастарын қаншалықты жұмыспен қамтып отыр, жалпы өңірдегі жастар саясаты қалай дамуда? Түркістан өңірінде «Кәсіптік бағдар беру», «Серпін» бағдарламалары қаншалықты жүзеге асып келеді? Оны жастар біледі ме, халық арасындағы насихатталуы қалай?

Жастар орталығының жетекшісі Ернар Бектаевтың айтуына қарағанда  бүгінгі күні көрсетілген мемлекеттік бағдарламалар бойынша аудандық, қалалық Жастар ресурстық орталықтары насихат жұмыстарын жүргізуде. Нәтиже де жоқ емес. Биыл 6 айда 10 008 жас осы бағдарламаларға тартылған. Барлығы 169 918 жасқа мамандар кеңес беріпті. «Серпін» бағдарламасын жандандыру бойынша Жастар ресурстық орталық мамандары солтүстік өңірлердегі жоғары оқу орындарына арнайы іссапармен барып, бірқатар ынтымақтастық меморандумдарына қол қойған.

Ал, биыл «Серпін – 2050», «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» мемлекеттік бағдарламаларын насихаттау мақсатында өңірге 6 университеттің өкілдері келіп, мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Нақтырақ айтсақ, «Серпін» бағдарламасы бойынша жұмыстарды күшейту мақсатында жастар ресурстық орталықтарының қызметкерлері солтүстіктегі жоғарғы оқу орындарына арнайы іссапармен барып, бірқатар ынтымақтастық меморандумдарға қол қойылды.

Енді «Аграрлық несие корпорациясы» акционерлік қоғамы арқылы 2021-2025 жылдары кәсіпкерлікті қолдауға арналған ұлттық жобасы аясында жеңілдетілген 2,5 пайыздық шағын несиені 621 жасқа үлестіру жоспарланған.

Сондай-ақ, кәсіптік білім алуға ниетті бітіруші түлектерге мемлекет тарапынан орта арнаулы оқу орындарына 15 500 грант бөлінген. Бұл гранттарды игеру мақсатында білім басқармасымен меморандумға отырған. Орталық жанынан құрылған мобильді топ 17 аудан-қаланы аралап, мемлекеттік грантты насихаттау жұмыстарын жүргізген. Жастар саясатын дамытудың өзге де бағыттары бойынша тағы 12 іс-шара жоспарланған.

Жастарға ерекше назар аударып, қолдау көрсету маңызды. Биыл кәсіптік білім алуға ниетті бітіруші түлектерге мемлекет тарапынан орта арнаулы оқу орындарына 15 500 грант бөлінген болатын. Грантты игеру мақсатында білім басқармасымен меморандумға отырып, облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылған мобильді топ 17 аудан, қаланы аралап, мемлекеттік грантты насихаттау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

– Жастар – еліміздің болашағы. Ел ертеңі – жастардың қолында. Аудан, қалалық жастар ресурстық орталықтарында біршама жұмыстар атқарылды. Әсіресе, жұмыс жүргізу барысында басты басымдық жастарды жұмыспен қамту бағытына аударылды. Басты мақсат – жұмыссыз жастар санын азайту. Осы мақсатта өңірде кәсіптік білім жоқ және жұмыссыз жүрген жастарды қолдау күшейтіліп, жұмысқа орналастыру бойынша белсенді көмек көрсетіліп, өзге де қолдау шаралары қолға алынуы керек. Алдағы уақытта NEET санатындағы жастар үлесін азайту мақсатында әлеуметтік қолдау, білім алуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсету бойынша жүйелі шаралар қабылдануы тиіс, – дейді бұл жөнінде Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсенбай Тәжібаев.

Фото : AMANAT

Tags: Бейсенбай ТәжібаевДемографияДипломмен ауылғаЖастар кадрлық резервіЖастар тәжірибесіЖасыл елжұмыссыз жастар санын азайтуМемлекеттік қызмет мектебіТүркістан облысы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында балаларына бақылау жасамаған 180 ата-ана жауапқа тартылды

Жамбыл облысында балаларына бақылау жасамаған 180 ата-ана жауапқа тартылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

135 млн теңге жұмсалған орталық әлі күнге жұмыс істемей тұр

135 млн теңге жұмсалған орталық әлі күнге жұмыс істемей тұр

10 месяцев ago
Қалған 295 мың тонна қант қызылшасын қайда өткіземіз?

Қалған 295 мың тонна қант қызылшасын қайда өткіземіз?

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In