Осы фильмнің режиссері және сценариін жазған Дәурен Қамшыбаев Жамбыл облысының Полиция департаментіне келіп, ведомствоның музейіне қою үшін ПД бастығы Арманбек Баймурзинге кинокартинаның сценариін табыс етті.
— Бірінші кезекте, Жамбыл облысының полиция басшылығы мен қызметкерлеріне фильмді дайындауда көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін алғысымды айтқым келеді. Біздің картинамызбен полиция қызметкерлерінің арасында офицерлік ар-намыс, батылдық пен ерлік сөздерінің мағынасын білдіретін көптеген азаматтардың бар екенін көрсеткіміз келді, — деді Дәурен Қамшыбаев.
Ғазиз Байтасов — Қазақстандағы ең жоғары дәрежелі «Халық Қаһарманы» атағына ие болған алғашқы полиция қызметкері.
Фильм нақты оқиғаларға негізделген, құқық қорғау органдарының жұмыс барысын, сонымен қатар адамға қауіп төнген кезде нағыз батылдық пен ерліктің күнделікті полиция өмірінде қалай кездесетінін көрсетеді.
Көп ұзамай «Капитан Байтасов» фильмі еліміздегі барлық кинотеатрларда көруге қолжетімді болады.
Фото » Қазақфильм»- нен алынған.