• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Жастар саясатын насихаттау

Бұл орталық жастарға бағыт-бағдар сілтеп, жағдай жасап отыр

Кез-келген елді дамытушы негізгі күш – жастар екені белгілі. Қазақ халқы мұны «жас келсе – тірлікке» деп бағзы замандардан айтып келеді. Адам жас кезінде алғыр, ізденімпаз, жаңашыл, қайсар, жігерлі болады. Сондықтан жастарға дер кезінде жақсы білім, тәрбие беріп, дұрыс бағыттау қажет. Сонда ғана жастардың жастық жігері еліміздің дамуына айтарлықтай үлес қосады. Жастарға сапалы білім беру, еңбекке баулу мәселесінде Түркістан облысында орасан тірліктер іске асырылуда.

by Jasyn
11/07/2024
in • Жастар саясатын насихаттау
0
Бұл орталық жастарға бағыт-бағдар сілтеп, жағдай жасап отыр
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мәселенки, Қазығұрт ауданында 14 пен 35  жас аралығында 39 мыңнан астам жас бар екен. Жастардың еңбек етуге деген құлшынысын арттырып, өз кәсібін ашу бағытында нақты жағдай жасауымыз керек. Яғни, мемлекет тарапынан да кәсіп ашамын деген жастарға қолдау жан-жақты көрсетіліп жатыр. Қазығұрт аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Сағи Қыпшақбаевтың айтуынша былтыр бастау алған жастарға арналған 2,5 пайыздық арзандатылған несие бағдарламасын бағытында біраз шаруа атқарылған.

Айтпақшы өткен жылы Түркістан облысы бойынша 2,5 пайыздық несиені үлестіру көрсеткіші бойынша Қазығұрт ауданы бірінші орынға шықты. Бұл аудан әкімдігінің, жастар ресурстық орталығының үйлесімді жұмысының нәтижесін көрсетеді. С.Қыпшақбаев биыл да өңірлік рейтингте Қазығұрт ауданы жастарды қолдау саясаты бойынша көш бастайды деген сенімде отыр. Мәселен былтыр 111 жас 2,5 пайыздық жеңілдетілген несиеге қол жеткізіпті.

«Аудан жастарына қандай жағдай жасай аламыз деген ой, идея әкімдіктің күн тәртібінен түскен емес. Соның негізінде биыл аудан әкімінің қолдауымен жастар саясатын жүргізуге, алдын ала түзілген іс-шара жоспарын жүзеге асыруға 10 млн теңге бюджеттен бөлініп отыр. Жыл басында облыс әкімінің идеология саласына жауапты орынбасарымен жұмыс жоспары бекітіліп, қазір осы бағытқа сай жұмыстар атқарылып жатыр. Әр айға бір-бір іс-шарадан бекіттік. Яғни бір жылда ауданда ауқымды 12 іс-шара өтуі тиіс. Бірақ олардың бәрі әртүрлі бағытта болады. Мәселен, оның ішінде ардагерлерді құрметтеу секілді маңызды іс-шараны қолға алдық. Сондай-ақ, neet санатындағы жастарды қоғамға тарту мақсатында ауданда кіші футболдан турнир өткіздік. Спорттық жарыс наурыз айында ұйымдастырылған болатын. Одан кейін елдегі орын алған жағдайға байланысты ондай ауқымды іс-шараларды екі ай қатарынан тоқтата тұруға шешім қабылдадық. Дегенмен екі айдан бері танымдық, ғылыми мақсаттағы кездесу, жиындар өтіп жатыр. Алдағы уақытта еліміз қиындықты еңсеріп болған соң бәрін қайта бастамақпыз. Жастар елдің болашағы деп бекер айтылмайды. Сол себепті аудан әкімінің өзі жастарға үлкен қолдау білдіріп отыр. Сол демеудің бірі жастарды облыс көлеміндегі түрлі іс-шараларға тасымалдайтын жеке көлік сатып әперу мәселесін біздің пайдамызға қарай шешіп берді. Конкурста жеңімпаз анықталса жеке көлікке қол жеткізетін күн де алыс емес» дейді С.Қыпшақбаев.

2019 жылы Қазығұрттағы Өгем тауының бір биік шыңына «Жастар шыңы» деген белгі орнатылған болатын. Биыл сол тау шыңын бағындырған айтулы оқиғаға бес жыл толып отыр. Осыған орай Жастар ресурстық орталығы тағы бір мәрте тауға саяхат ұйымдастырғалы жатыр. Бұл жолы тауға шығып көрмеген жастар барады. Оларға саяхат барысында таудың керемет табиғатын тамашалатып, жалпы жастарға өздерінің есімімен аталатын тау биігін күтіп ұстауға, барша табиғатты аялауға кеңес беріліп, насихат жүргізіледі.

С.Қыпшақбаевтың айтуынша аймақта жеке кәсіпкерлікке қызығатын жастар көп, алайда алынған несие, грантты қалай жарату керек, бизнесті неден бастау керек екенін біле бермейді. Сондықтан жастар ұйымы аудандағы, облыстағы кәсіпкерлікпен танымал болған белгілі азаматтарды, бизнес тренерлерді шақыртып, 2-3 күн бойы пайдалы семинар ұйымдастыруды көздеп отыр. Тек өңір емес, ауданда да кәсіпкерлікті бастан-аяқ негізгі қағидаттарын, ерекшеліктерін түсіндіріп беретін бизнес тәлімгерлер жетерлік екен.

Биыл елімізде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы жүріп жатқаны белгілі. Мұндай акция Қазығұрт ауданында да сәтті жалғасын тауып жатыр. Оған тек тазалыққа жауапты мекемелердің қызметкерлері ғана емес, жастар да көп атсалысып отыр. Жастар ресурстық орталығы жастарды жұмылдырып, осы акция аясында сенбілік жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда Кемеқалған монументі, Ақбура әулие кесенесі маңын 50-60 жас күні бойы шашылған қоқыстардан тазалады. Сонымен бірге аудан орталығына апаратын күре жолдың Қазығұрт тауы бөктерінен өтетін бөлігінің екі жақ беті де әртүрлі тұрмыстық қалдықтардан тазаланды. Одан бөлек Заңғар тауының, Қазығұрт елді мекеніне кіре берісте орналасқан «Мәңгілік ел» ескерткішінің де айналасында тазалық жұмыстары қолға алынды. Экологияға бейжай қарамайтын белсенді жастар ауданды кесіп өтетін Келес өзенінің жағасында жатқан қоқыс, қалдықтарды жинап, сыртқа шығарды. Жастар ресурстық орталығының жанынан «Ерікті болу – ерлік» атты ерікті жастар ұйымы құрылған. Міне сол ұйымның мүшелері негізінен тазалық акциясы мен сенбіліктерге қатысып, белсенділік танытып жүрген.

Сонымен қатар ауданда жастардың атсалысуымен «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы ұйымдастырылды. Осы іс-шара аясында жастар жалғызілікті қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандар, тыл еңбеккерлерінің хал-жағдайын сұрап, үйлеріне барып, шаруаларына қолғабыс жасап қайтады. Бүгінгі таңда ауданда Ұлы Отан соғысының екі-үш ардагері ғана қалған. Дегенмен көп ардагерлер жастарға өздері хабарласып, көмек керек болса өтініштерін айтып жатады. Сондай ардагердің бірі ауданның төбе биі Сүлеймен ата. Ай сайын қарияның үйіне жастар барып жәрдемін көрсетіп қайтады. Жазда есік алдының, үйіргелік жерінің шөбін орады. Көктемде жерін аударып береді. Қыста есік алдының қарын тазалап, мұздарын ояды, тағы сол секілді көптеген жұмыстар бар. Ардагерлердің үй шаруасына көмектесуге ерікті жастармен бірге аудандағы №11 колледж шәкірттері де еріп барады.

Жалпы Жастар ресурстық орталығы бір бағыттағы мекеме емес. Мұнда жастарға жан-жақты көмек пен қолдау көрсетіледі. Жастарға қатысты қандай мәселе бар, соның негізгі шешімі осы орталықта жүзеге асады.

«Келген әрбір жасқа барынша өз көмегімізді береміз. Көбінесе консультативтік кеңестер ұсынылады. Мәселен жоғарыда айтқанымыздай, жастардың көпшілігі кәсіпкер болғысы келеді, бірақ неден бастауды білмейді. Міне осы тұрғыдан жәрдем бере аламыз. Сонымен бірге ауданның әрбір ауыл округінде Жастар ресурстық орталығының бір-бір маманы отыр. Ауылда тұратын кез келген жас солардан барып ақыл-кеңес сұраса болады. Олар бар білгенін үйретіп, жастарға жол көрсетіп жіберуге әрқашан да дайын. Ауылдағы 14 пен 35 жас аралығындағы жастармен тікелей жұмыс жасайтын осы мамандар. Егер ауылдық деңгейде шешілмейтін мәселе болса, ауданға бізге жібереді. Біз де барынша, қолдан келгенше ақыл-кеңесімізді айтып, түсіндіруге тырысамыз. Мәселен кәсіпкерлік мәселесіне байланысты болса, тиісті орындарға баруды ұсынамыз. Ауданда бұл бағытта кәсіпкерлік мектебі, кәсіпкерлерге қызмет көрстету орталығы, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының аймақтық филиалы бар. Сол жерден өзіне қажетті нақты ақпарат ала алады» дейді С.Қыпшақбаев.

 

Tags: «Жастар шыңы» Өгем тауы«Таза Қазақстан» акциясы Қазығұрт ауданыАудан жастарына жағдай жасауелді дамытушы негізгі күш – жастарЖастар ресурстық орталығы Қазығұрт ауданы
Jasyn

Jasyn

Next Post
100 келіден астам есірткі: Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды

100 келіден астам есірткі: Жамбыл облысында ірі есірткі плантациясы жойылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбыл облысында «Борышкер-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

Жамбыл облысында «Борышкер-2022» жедел-алдын алу іс-шарасы басталды

2 года ago
Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда кемшіліктер жиі кездескен

Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін ұйымдарда кемшіліктер жиі кездескен

1 месяц ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In