• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Кешегі күннің күркірі

Жап-жаңа медициналық жабдықтар мүлдем пайдаланылмай тұрған

Жамбыл облысы бойынша Тексеру комиссиясы тарапынан 24 мемлекеттік квазимемлекеттік сектор субъектілерінде мемлекеттік аудит жүргізіліп, 2023 жылғы жергілікті бюджет қаражатын пайдаланудың заңнама талаптарына қаншалықты сәйкестігі тексерілді.

by Jasyn
10/07/2024
in Кешегі күннің күркірі, Медицина, Топ
0
Жап-жаңа медициналық жабдықтар мүлдем пайдаланылмай тұрған
0
SHARES
169
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тексеру нәтижесінде 2023 жылы қамтылған қаражаттың 9,6 пайызын құрайтын 16 554,3 млн. теңге бұзушылықтар, сондай-ақ жалпы сомасы 1 319,1 млн. теңге бюджет қаражаты өрескел бұзушылықпен игерілгені  анықталды. Атап айтар болсақ, «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Меркі аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚКМК есебіндегі негізгі құралдарға ішінара түгендеу жүргізу барысында баланстық құны 12,6 млн. теңгені құрайтын кейбір медициналық және өзге де жабдықтардың қоғам игілігі үшін тиімді пайдаланылмай тұрғандығы анықталған.

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Қордай аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК тарапынан Аухатты ауылында орналасқан дәрігерлік амбулаторияда 2,5 млн. теңгеге сатып алынған 1 дана Автоматты сыртқы дефибрилятор Powerheart G5A бүгінгі күнге дейін қолданылмаған, 2,5 млн. теңгені құрайтын негізгі құралдар тиімсіз қолдануына жол берген.

Сондай-ақ «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Байзақ аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК тарапынан кәсіпорын есебіндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында, атап айтқанда Байзақ аудандық емхана бөлімшесінде  жаңадан алынған 198,8 млн. теңгеге сатып алынған құрал жабдықтар аудит жүргізу кезеңіне дейін қолданылмаған.

«Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы қалалық көп бейінді ауруханасы» ШЖҚ КМК тарапынан кәсіпорын теңгеріміндегі медициналық жабдықтардың тиімсіз тұрғаны анықталды. Атап айтқанда: — Құны 102,1 млн. теңгенің 1 дана Магнитті-резонанстық томографиясы (MAGVUE 033T); — 3,1 млн. теңгенің 1 дана ИВЛ (Monnal T75) аппараты; 1 дана диагностикалық рентген сәулелерін орнату Iconos-100 аппараты, барлығы 105,2 млн. теңгенің медициналық жабдықтары қоғам игілігі үшін пайдаланылмаған. Және кәсіпорын теңгеріміндегі негзгі құрал-жабдықтарға түгендеу жүргізу нәтижесінде 3,7 млн. теңгенің негізгі құралы тиімсіз пайдаланылмай тұрғаны анықталды.

Және «Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы «Жамбыл облыстық көп бейінді балалар ауруханасы» ШЖҚ КМК есебіндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізу барысында Тараз қаласы, «Бәйтерек» мөлтек ауданы №1 мекен- жайы бойынша баланстық құны 704,9 млн. теңгені құрайтын кейбір медициналық және өзге де жабдықтардың қоғам игілігі үшін тиімді пайдаланылмай, қаражаттың тиімсіз жұмсалуына жол берілген

Естеріңізге сала кетейік, Жамбыл облыстық мәслихаты бұған дейін 2023 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті қараған болатын.

Tags: медициналық жабдықтар мүлдем пайдаланылмай тұрмедициналық жабдықтары қоғам игілігі үшін пайдаланылмаған
Jasyn

Jasyn

Next Post
Журналистика бойынша жобаларды басқару Еуразия ұлттық университетіне берілді

Журналистика бойынша жобаларды басқару Еуразия ұлттық университетіне берілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Өкілеттігін тоқтатқан Бекболат Тілеухан басқа депутаттарға өтініш айтты

Өкілеттігін тоқтатқан Бекболат Тілеухан басқа депутаттарға өтініш айтты

3 года ago
Қызыл кітапқа енгізілген 20 тонна өсімдікті шекарадан асырмақ болған ер адам ұсталды

Қызыл кітапқа енгізілген 20 тонна өсімдікті шекарадан асырмақ болған ер адам ұсталды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In