Түркістан облысы Ордабасы аудандық полиция бөлімінің полицейлері карантин режимін сақтау үшін құрылған топпен бірге профилактикалық жұмыстарды тұрақты түрде жүргізіп келеді.
Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша осындай кезекті рейд барысында, күндізгі сағат 15:30 шамасында Сарыағаш ауданының ауылдарының бірінде көкпар ойынының өтіп жатқаны анықталған. Ұйымдастырылған «Бата көкпар» ойыны тоқтатылып, 200-ден астам адам тарқатылды. Сондай-ақ Отырар ауданында жасырын түрде көкпар ойыны ұйымдастырылған. Аталған жиынға 150-ден астам адам жиналып, тәртіп сақшыларының табанды еңбектерінің арқасында, дер кезінде тұрғындардың қауіпсіздігі үшін көкпар ойындары тоқтатылды. Осыған орай карантин режимін және шектеу шараларын сақтамаған тұрғындарға қатысты іс-құжаттар жинақталып, заңды шешім қабылдау үшін ҚР ҚК-нің 425-бабы «Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу» бойынша жинақталған құжаттар аудандық санитарлық эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолданды. Өз кезегінде Түркістан облысының полицейлері азаматтарды карантин режимін қатаң сақтауға, медициналық бетперде киюге және әлеуметтік қашықтықты сақтауға шақырады.