• RU
Пятница, 4 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Спорт

Жамбыл облысында 15 спорт кешені салынып жатыр

Жамбыл облысы, Жамбыл ауданына қарасты Өрнек, Қаракемер ауылдарында денешынықтыру-сауықтыру кешендері пайдалануға берілді. Өрнектегі спорт нысанының ашылуына Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, ауыл тұрғындарын қуанышымен құттықтады.

by Jasyn
08/07/2024
in Спорт
0
Жамбыл облысында 15 спорт кешені салынып жатыр
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Екі ауылдағы спорт кешенінің құрылысы да «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында жүргізілген. Ауыл балалары мен жастары кәсіби әрі тұрақты негізде спорттың 7 түрімен (қазақша күрес, самбо, дзюдо, бокс, футбол, волейбол, баскетбол) шұғылдана алады.

Кешенде барлық спорттық құрал-жабдықтар, жаттығу залы, киім ауыстыратын бөлмелер мен медициналық кабинет бар. Ғимараттың аумағы абаттандырылып, жылу жүйесіне қосылған.

Ербол Қарашөкеев ауылдың жас спортсүйер балаларымен әңгіме өрбітіп, оларға сәттілік тіледі. Жаңа спорт кешенінен болашақ чемпиондар шығатынына сенім білдірді.

— Жамбыл спортының өзіндік дара жолы мен мектебі қалыптасқан. Бүгінде жас спортшыларымыз аға буынның жеңісті жолын жалғастырып, ел мақтанышына айналды. Жамбыл ауданынан шыққан дарынды спортшылар да еліміздің көк туын көкке көтеріп жүр. Біз осы қалыптасқан дәстүрді жоғалтпай, облыс спортын әрі қарай дамытуға күш салу қажетпіз, – деген Ербол Қарашөкеев ауыл тұрғындары үшін спорт нысандары қолжетімді болуы қажеттігін баса айтты.

Салтанатты ашылу рәсімінде ауыл қариялары да сөз алды. Олар өскелең ұрпақтың болашағына мән беріп, жаңа ғимараттың бой көтеруіне ықпал еткен жауаптыларға ризашылықтарын білдірді.

Айта кетейік, бүгінде 496 мың жамбылдық бұқаралық спортпен жүйелі түрде айналысады.

Ағымдағы жылы өңірде 15 спорт кешенінің құрылысы жүруде. Оның 14-і биыл, қалған біреуі 2025 жылы пайдалануға беріледі деп күтілуде. Сондай-ақ биыл Тараз қаласы мен аудандарда 34 заманауи спорт алаңшасы ашылады.

Жыл соңына дейін халықты спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз ету деңгейін 64,9 пайыздан 66-ға дейін арттыру жоспарлануда.

 

Tags: 15 спорт кешені Жамбыл облысы15 спорт кешені салынып жатырденешынықтыру-сауықтыру кешендері
Jasyn

Jasyn

Next Post
Таразда балалар арбасынан әмиан ұрлаған күдікті анықталды

Таразда балалар арбасынан әмиан ұрлаған күдікті анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жительница Тараза обещала поставить ребенка с инвалидностью в очередь на квартиру за 600 тысяч тенге

Жительница Тараза обещала поставить ребенка с инвалидностью в очередь на квартиру за 600 тысяч тенге

2 года ago
«Ninety One сатқындық жасады»: Жұбаныш Жексенұлы атышулы топқа айып тақты

«Ninety One сатқындық жасады»: Жұбаныш Жексенұлы атышулы топқа айып тақты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In