• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

4 жылда бірде-бір қылмыс болмаған: Жамбыл облысының ауылдары алкогольден толық бас тартты

Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңаарық ауылдық округі ең үлгілі ауыл атағына үміткер. Мұнда соңғы 4 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген.

by Jasyn
04/07/2024
in Қоғам
0
4 жылда бірде-бір қылмыс болмаған: Жамбыл облысының ауылдары алкогольден толық бас тартты
0
SHARES
13
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Ауылдық округке Ақтоғай және Ұзақбай Сыздықбаев ауылдары кіреді, онда 1700-ге жуық адам тұрады.

Округтегі үш дүкенде алкоголь мен темекі сатылмайды. Жақында төртінші дүкен ашылады, бірақ ол кәсіпкер де ауыл тұрғындарының бастамасын бірден қолдады.

      

Мұндай шешімді тұрғындар жас ұрпақты азғырмау үшін ақылдаса отырып қабылдаған. Нәтижелер көп күттірмеді: бұл бастама қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың, сондай-ақ отбасылық жанжалдардың болмауына әкелді.

Бірақ бұл жерде учаскелік полиция инспекторының құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жүйелі жұмысы да маңызды рөл атқарады.

Учаскелік инспектор Сағынғали Саламатов 5 жылдан бері Ұ.Сыздықбаев ауылында тұрады. Ол өз аумағындағы ахуалды толық  меңгеру үшін жүйелі шаралар қолданады: рейдтер жүргізіп, полицияда есепте тұрған адамдарды тұрғылықты жері бойынша тексереді, азаматтық қару иелерінің ережелерді сақтауына тексерулер жүргізеді. С. Саламатовты барлық тұрғындар біледі, егер ауылдық округке сырттан қонақ келсе, учаскелік полиция қызметкеріне бұл туралы дереу хабарланады.

— Тұрғындар өте тату, әрі белсенді. Маған барлық жағдайда көмектесуге тырысады. Мен олардың сенімін ақтап, өз уақытым мен күш-жігерімді аямай жұмсау міндетім деп санаймын. Тіпті кішігірім тұрмыстық дауларды медиация арқылы шешуге тырысамыз. Ауылдардағы жағдай тыныш болса да, мен үлкен жауапкершілікті сезінемін. Өйткені, бірнеше жылдар бойы бірлескен күш салумен қол жеткізген көрсеткішті сақтау мен үшін өте маңызды, — дейді полиция қызметкері.

Жамбыл облысында осындай үлгілі ауылдар аз. Бес ауданда 12 ауылдық округ алкогольден бас тартқан. Нәтиже барлық жерде бірдей: олар ең қауіпсіз ауылдар деп танылды. Бұл жұмыста ауыл тұрғындарының даулы мәселелерін шешуге көмектесіп, барлығын бейбітшілік пен келісімге шақыратын ауыл ақсақалдарына үлкен рөл беріледі.

Tags: ауылдар алкогольден толық бас тарттыең үлгілі ауылЖамбыл облысы Сарысу ауданының
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбыл облысында аудандық полиция басшылары балалар лагерьлеріндегі қауіпсіздікті тексеруде

Жамбыл облысында аудандық полиция басшылары балалар лагерьлеріндегі қауіпсіздікті тексеруде

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Антарктидада әлемдегі ең үлкен айсберг еріп жатыр

Антарктидада әлемдегі ең үлкен айсберг еріп жатыр

3 года ago
Ләззат Сүлеймен мен Ләззат Қалтаева Ташкенттегі әйелдер форумына қатысты

Ләззат Сүлеймен мен Ләззат Қалтаева Ташкенттегі әйелдер форумына қатысты

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In