• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Газға қосылмағаннан кейін құбырлар тозып жатыр

Жамбыл облысы республикалық деңгейде шұғыл араласуды талап ететін бірқатар өткір проблемаларға тап болды. Олар газдандыру және азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз етудегі сақалды құрылыстарды аяқтауға байланысты болып отыр. Сенатор Бекболат Орынбеков Премьер-Министрдің атына осы мәселе бойынша депутаттық сауал жолдады.

by Jasyn
27/06/2024
in Қоғам
0
Газға қосылмағаннан кейін құбырлар тозып жатыр
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутат 2019 жылдан 2022 жылға дейін өңірді газбен жабдықтауды жақсартуға бағытталған ірі төрт жобаның құрылысы басталғанын, алайда құрылыс материалдарының қымбаттауына байланысты жобалар қайта қаралып, аяқталмағанын айтты.

«Газға қосылмағаннан кейін, салынған құбырлардың тозығы жетіп, пайдалануға жарамсыз болуы, арты апаттық жағдайға әкеліп соғуы мүмкін.  Өз шешімін таппай, жергілікті халықтың наразылығын тудырып отырған, «сақалды құрылыс» ретінде аталып кеткен, жобалардың жұмыстары аяқталмай жартылай қалып отыр. Халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту үшін газбен жабдықтаудың маңыздылығын ескере отырып, осы жобалардың аяқталуын жеделдету үшін шаралар қабылдауға шақырамын», — деп атап өтті сенатор.

Сенатордың пікірінше, тұрғын үй мәселесін шұғыл шешу қажет болып отыр. Қазіргі уақытта тұрғын үй алуға кезекте 34 мыңнан астам адам тіркелген, оның ішінде 1 987 жетім бала, 3 913 көп балалы отбасы және 8 942-сі әлеуметтік осал топқа жатады. Осылайша, сенатор Үкімет бұл мәселеге де назар аударуы керек екенін атап өтті.

«Осы құрылыстар аяқталған кезде, Сарысу және Шу аудандарындағы 32 елді мекендегі 56 мың тұрғындарды көгілдір отынымен қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, 4 жобаларды толық аяқтауға 16,4 млрд.теңге қаржы бөлу керек. Тараз қаласындағы кәріз желілерін салу құрылысына 1,5 млрд. теңге. қаржы бөлу маңызды. Бұл шаралар халықтың өмір сүру жағдайларын едәуір жақсартуға және жылдар бойы шешілмеген мәселелерді шешуге мүмкіндік береді», — деді депутат.

 

Tags: Жамбыл облысыкөгілдір отынөңірді газбен жабдықтауСенатор Бекболат Орынбеков
Jasyn

Jasyn

Next Post
Көкпар мен қымыз ЮНЕСКО-ның тізімінде көршілеріміздің еншісіне жазылып кетті

Көкпар мен қымыз ЮНЕСКО-ның тізімінде көршілеріміздің еншісіне жазылып кетті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мәжілісте мүгедектігі бар жандардың зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі көтерілді

Мәжілісте мүгедектігі бар жандардың зейнетке шығу жасын төмендету мәселесі көтерілді

3 года ago
Шымкент энциклопедиясы жазылып жатыр

Шымкент энциклопедиясы жазылып жатыр

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In