• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Кітапханашылардың орташа жалақысы қанша теңге?

Сенатор Нұртөре Жүсіп өзінің депутаттық сауалында Қазақстандағы қатардағы кітапханашылардың орташа жалақысы 125 000 теңгені құрайтыны және бұл білікті кадрлардың осы саладан кетуіне әкелетінін атап өтті.

by Jasyn
27/06/2024
in Әлеумет
0
Кітапханашылардың орташа жалақысы қанша теңге?
0
SHARES
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазіргі уақытта кітапхана саласын дамыту үшін қажетті заңнамалық база жоқ. Кітапханалар заманауи компьютерлік және көшіру-көбейту техникасымен толық жабдықталмаған, ал қолда бар құралдар моральдық және физикалық тұрғыдан ескірген.

«Кітапханалардағы компьютерлер мен көшіру-көбейту техникасымен нашар жабдықталған, көбісі ескірген. Көптеген кітапханалардың ғимараттары ұзақ жылдар бойы күрделі жөндеуден өтпеген. Арнаулы кітапханалардағы, балалар, жасөспірімдер, зағип және нашар көретіндерге арналған кітапханалардың жағдайы көңілден шыға бермейді. Мүгедектігі және ерекше қажеттіліктері бар адамдардың кіруі және еркін жүруі өте қиын. Пандустар, әмбебап кабинасы бар санитарлық тораптар, көлік құралдарына арналған тұрақ орындары жоқ», — деді Нұртөре Жүсіп.

Сонымен қатар, сенатор кітапхана қорын толықтыру мәселелеріне назар аударды. Қол жетімді кітаптардың көпшілігі ескірген және оқырмандардың заманауи ақпараттық сұранысына сәйкес келмейді. Қаржыландырудың жеткіліксіздігіне байланысты кітап қорын жыл сайын жаңарту ісі соңғы 20 жылда небәрі 1,8% құрап отыр. Авторлық құқық туралы заңның нормалары қазіргі авторлардың шығармаларын цифрлық форматта толық ұсынуға мүмкіндік бермейді, бұл кітаптарға қол жетімділікті шектейді.

«Көпшілік кітапханалардың тек 60,7%-ы интернет желісіне толыққанды қол жеткізе алады. Осыған байланысты, кітапхана саласын жаңғырту, кітапханаларға қатысты мемлекеттің жауапкершілігі мен міндеттерін айқындау үшін «Кітапхана ісі» туралы жеке заң қабылдау қажет. Білікті кадрларды тарту және ұстап қалу үшін кітапханашылардың жалақысын мемлекеттік деңгейде көтеру керек. Өңірлік кітапханалар қорларын толыққанды және уақтылы толықтыру  үшін Кітапханалық бірыңғай орталық құру керек», — деді сенатор.

 

Tags: кітапхана қорын толықтыруКітапханалық бірыңғай орталық құруКітапханашылардың орташа жалақысыСенатор Нұртөре Жүсіп
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ауыл шаруашылығына арналған субсидиялар тиімсіз

Ауыл шаруашылығына арналған субсидиялар тиімсіз

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жаңа қаулы: «Омикрон» штамы тараған елдерден келген жолаушы 7 күнге оқшауланады

Жаңа қаулы: «Омикрон» штамы тараған елдерден келген жолаушы 7 күнге оқшауланады

3 года ago
Дариға Бадықова күйеуін көрсетті

Дариға Бадықова күйеуін көрсетті

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In