• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Саясат

Түркістан облысында тұңғыш рет әйел адам қала тізгінін қолға алды

by Jasyn
06/03/2024
in Саясат
0
Түркістан облысында тұңғыш рет әйел адам қала тізгінін қолға алды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында тұңғыш рет әйел адам қала тізгінін қолына алды. ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімімен, Арыс қалалық мәслихаты депутаттарының қолдауымен, Арыс қаласының әкімі болып Гүлжан Мамытқызы Құрманбекова тағайындалды. Жаңа әкімді қала активіне арнайы таныстырған Өмірзақ Естайұлы оның алдағы жұмысына сәттілік тілей отырып, абыройлы еңбек ететініне сенім білдірді. Бұл туралыТүркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Облыс әкімі Арыс қаласының жаңа басшысының алдына өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, қоғамдағы бірлік пен келісімді нығайту бойынша бірқатар міндеттер жүктеп отыр.
«Арыс — өте маңызды аумақ. Қалада жасалатын жұмыстар жеткілікті. Шағын және орта бизнес саласын, ауыл шаруашылығы саласын дамыту керек. Ең бастысы бизнесті жандандырып, инвестиция тарту керек. Ол үшін барлық мүмкіндіктер бар. Гүлжан Мамытқызы өте тәжірибелі. Бюджет, қаржы, әлеуметтік салаларынды жетік меңгерген. Өзімнің кеңесшім болған. Тәжірибесі мол, еңбекқор азамат. Алда атқарылар істер көп»,- деді облыс әкімі.
Арыс қаласының жаңа әкімі Гүлжан Құрманбекова өзіне артылған сенімді ақтап, Арыстың дамуы мен өркендеуі жолында бар күш-жігерін жұмсайтынын жеткізді.
Гүлжан Құрманбекова 1965 жылы Отырар ауданында дүниеге келген. 1987 жылы Алматы халық шаруашылық институтын бітірді. Еңбек жолын Шәуілдір жолаушылар автокөлігі мекемесінің кассирі болып бастаған.
1987 ­– 1992 жылдары Қызылқұм аудандық қаржы бөлімінің кіріс есебінің инспекторы, тексеруші –инспекторы, аға экономисті қызметтерін атқарған. 1992 – 2004 жылдары ОҚО қалалық қаржы бөлімінің аға тексеруші-инспекторы, бас экономист, бас маман-бас экономисті.
2004 – 2005 жылдары – ОҚО білім департаментінің бас маманы, Шымкент қаржы бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2007 – 2010 жылдары – Шымкент қаласының қаржы бөлімінің бастығы. 2010 – 2020 жылдары – Шымкент қаласының экономика және қаржы бөлімінің бастығы, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2020 жылдан бері Түркістан облысы әкімінің экономика, қаржы мәселелері бойынша кеңесшісі болды.
«Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Қазақстанда жаңа мереке пайда болды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жамбылдық полицейлер қазақ күресінен чемпионатта топ жарды

Жамбылдық полицейлер қазақ күресінен чемпионатта топ жарды

2 года ago
Жамбылдық полицейлер жатақхана студенттерімен кездесу өткізді

Жамбылдық полицейлер жатақхана студенттерімен кездесу өткізді

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In