Қазіргі уақытта ҚТЖ номиналды қарызы 2,9 трлн. теңге, оның 30% шетел валютасында.
Компанияның өндірістік және қаржылық көрсеткіштері жыл сайын жақсарып келеді. Үш жыл ішінде компанияның кірісі 2021 жылғы 1,3 трлн теңгеден 2023 жылы 2 трлн теңгеге дейін көтеріліп, тұрақты серпін көрсетуде.
2023 жылдың қорытындысы бойынша пайда 134 млрд теңгені құрады, бұл 2022 жылдан 4 есе көп. Бұл компанияның соңғы 10 жылдағы ең жақсы көрсеткіші. Бұл ретте компания кредиттер бойынша барлық міндеттемелерін уақытылы орындауда.
ҚТЖ-ның тұрақты қаржылық жағдайы халықаралық рейтингтік агенттіктердің кредиттік рейтингтерінің деңгейімен және компанияға кредиттік қаражат пен кепілдіктер беретін халықаралық қаржы институттары (Moody ‘ s Investors Service – «Baa3» кредиттік рейтингі, «Тұрақты» болжамы; FitchRatings – «BBB -» кредиттік рейтингі, «Тұрақты» болжамы; S&P — «BB» кредиттік рейтингі, «Тұрақты» болжамы; Moody ‘ s ESG Solutions-ESG рейтингі-А2, 57 балл) тарапынан сенім білдіріліп расталып отыр. Қазіргі уақытта компания Үкіметпен және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ-мен бірлесіп, борыш деңгейін төмендету және инфрақұрылым мен жылжымалы құрамға инвестициялардың жеткілікті деңгейін қамтамасыз ету үшін реттелетін тарифтерді біртіндеп арттыру және транзиттік кірістерді ұлғайту бойынша жұмыс жүргізуде.
Естеріңізге сала кетейік, Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ҚТЖ кредиттік тәуекелдің «қызыл» аймағында екенін айтқан болатын.