Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адамның соққыға жығылған сәті түсірілген видео тараған болатын. Куәгерлердің айтуынша, жәбірленушінің абайсызда басқа адамның көлігін сырып кетуі себебінен жанжал туған. Ашуға булыққан жүргізуші ешбір шешімге келуге тырыспай, марқұмды ұра бастаған. Ол ауруханада алған жарақатынан қайтыс болды. Марқұмның артында қайғы жұтып тұтас әулет, 4 баласы мен 5 немересі қалған.
«Амандақ ағамыз – елге қызмет қылған ауылымыздың сыйлы азаматы. Елдің алғысын арқалаған, жақсылықтың жаршысы, ақкөңіл, адамды