Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов 12 маусымда Мәжіліс отырысында «Қазақстан темір жолы»(ҚТЖ) қаржы жағдайы мәселесіне неге бұрын мән бермегеніне жауап берді.
Бұл сұрақты депутат Ерлан Саиров қойып, Әлихан Смайыловтан премьер-министр қызметін атқарған кезде ҚТЖ-мен мәселені неге ертерек шешпегенін сұрады.
Смайылов оған бір кездері ҚТЖ-ға қатысты мәселе бірнеше рет көтерілгенін айтты.
«Сондай-ақ, олар салалық министрліктерге жүгінді. ҚТЖ компаниясына тапсырмалар жолданды, жұмыстар жүргізуді талап етті. Бірақ қабылданып жатқан шаралар жеткіліксіз және тиімсіз, сондықтан біз бұл мәселені тағы да көтеруге мәжбүрміз», – деп толықтырды Смайылов.
Айта кетейік, жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайылов ҚТЖ кредиттік тәуекелдің «қызыл» аймағында екенін айтқан еді.