Оның ішінде жабайы қарасораны вегетативті жетілуіне дейін жою жұмыстарын тиімді ұйымдастыруға және жоспарлауға ерекше назар аударылуда.
Өткен жылы жасалған жаңа карта полицияға Шу алқабындағы жабайы қарасора өсетін нақты аумақтарды жүйелі бақылауға мүмкіндік берді.
Полицейлер әр учаскені мұқият зерделеуде. Өткен аптада 1,8 гектар жерде ору, содан кейін өртеу арқылы 2 тонна 150 келі жабайы қарасора жойылды.
- Есірткіге қарсы іс-шаралар кешеніне жабайы қарасораны дайындап, әкетудің алдын алу ғана емес, оның жаппай плантацияларын жою да кіреді. Өсудің негізгі ошақтары – қараусыз қалған бақшалар, мақсатына сай пайдаланылмайтын ауылшаруашылық алқаптары. Біз химиялық өңдеуді жүргізбейміз, өйткені бұл экологияға зиянды. Шөпті шабу тиімділігі жағынан химиялық заттардан төмен, бірақ әлі де тиімді әдіс болып табылады. Біз жыл сайын қарасораның вегетативті жетілуіне дейін барлық процедураларды орындауға тырысамыз. Біздің жұмысымызға түсіністікпен қарайтын ауыл тұрғындарына алғысымызды білдіреміз, — деді ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Әлім Бажықбаев.
Өткен жылы Жамбыл облысының аумағында 220 тоннадан астам жабайы қарасора жойылды.