• RU
Воскресенье, 6 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Бір ай бұрын билет жоқ

Көрші елдерде жүйрік пойыздар жүйткіп, темір жолға инвестиция салып, туризмді дамытып жатқанда, Қазақстанда әлі күнге дейін бір өңірден екінші өңірге жолаушыларды тасымалдау жолға қойылмай келеді. Сенатор Арман Өтеғұлов өзінің депутаттық сауалында теміржол саласының проблемасы туралы айтып берді.

by Jasyn
10/06/2024
in Қоғам
0
Бір ай бұрын билет жоқ
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатордың айтуынша, саланың негізгі проблемасы – инфрақұрылымның кенже қалуы, вагондардың тозуы мен жетіспеуі, процестерді автоматтандыру деңгейінің төмендігі. Сондай-ақ билеттердің қымбаттығына қарамастан, жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке компаниялардың тиімсіз жұмысына байланысты қызмет көрсету деңгейі де мүлде төмен.

«Қазір Орал-Астана бағытындағы жолаушылар тасымалымен айналысатын «Сарыарқа» ЖШС республикалық бюджеттен қарқынды субсидия алып отырса да өз міндеттерін толыққанды орындамай отыр. Әсіресе, жазғы маусымда билеттерді алу мүмкіндігі қиындап, жолаушылар тарапынан жиі наразылық тууда. Оған жауапты компания қосымша вагондарды қосуға және жаңа вагондар сатып алуға қауқарсыз және шығындалғысы келмейді. Нәтижесінде қарапайым халық әуе билеттерін алуға қаражаты жетпесе, темір жол билеттері мүлдем болмайды. Мысалы, қазір Орал-Астана, Алматы бағыттарына билет іздесеңіз, 1 айдан аса күндерге билет сатылымы таусылған. Сонымен қатар, бірер жыл бұрын іске қосылған Тальго пойызы да, компанияға пайдасынан шығыны көп деген себеппен, мүлдем алынып тасталды»,-деді Арман Өтеғұлов.

Сенатор сонымен қатар, билеттерді сатып алудағы қиындықтар адамдарды Астана мен Ақтөбе қалаларына бару үшін жеке таксиді пайдалануға мәжбүрлеп, жол апаты қаупін арттырып отырғанын атап өтті.

«Көрші елдер темір жолдарға инвестициялық жобаларды тартып туризмді дамытып, жоғары жылдамдықты поездарды іске қосып жатқанда, біз тиісті деңгейде бір өңірден екінші елді мекенге сапалы қызметті көрсете алмай отырмыз. «Сарыарқа» ЖШС жолаушылар тасымалы компаниясын жеке тұлғадан мемлекеттің меншікке қайтаруды қарастыру керек. Орал бағытына да жаңа вагондарды бөлуге тапсырма беру керек. Пойыздар кешіккен жағдайда, өтемақы қайтару процессін автоматтандыру және оның мөлшерін көбейтуді қарастыру, ол өз кезегінде жауапкершілікті күшейтіп, себепсіз кешігудің алдын алған болар еді», — деді Арман Өтеғұлов.

Tags: жазғы маусымда билеттерді алу мүмкіндігі қиындадыСенатор Арман Өтеғұловтеміржол саласының проблемасы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Айт күні Астанада автобустар тегін жүреді

Айт күні Астанада автобустар тегін жүреді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Салық түсімі артығымен орындалды

Салық түсімі артығымен орындалды

2 недели ago
Жетпісінде  қазақша жыр толғаған…

Жетпісінде қазақша жыр толғаған…

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In