Ал Қарағанды медицина университеті Қазақстанда елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық қаншалық таралғаны тақырыбында талдау жүргізіп, ең осал санат жас мөлшері бойынша 40-тан 49 жасқа дейінгі (41,46%) және 30-дан 39 жасқа дейінгілер (37,80%), яғни, орташа еңбекке қабілетті жастағы әйелдер болып шықты.
Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 78%-ы физикалық зорлық-зомбылық көрген. Респонденттердің 21%-ы психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Одан басқа 16%-ы жыныстық және физикалық зорлық-зомбылықты, 7%-ы экономикалық зорлық-зомбылықты, ал респонденттердің 6%-ы тұрақты жыныстық зорлық-зомбылықты бастан өткерген.
Талдау мәліметтеріне бойынша, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жағдайларының барлығында дерлік (98,2%) зорлаушы мас болған. Зерттеушілер сонымен бірге, экономикалық проблемалар мен ерлер арасындағы жұмыссыздықты да басқа факторлар ретінде атап өткен.
Сонымен қатар, зорлық-зомбылық оқиғалары көбіне (91%) үйде кешкі және түнгі уақытта болған. Зерттеуден белгілі болғаны, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтын тирандар физикалық зорлық-зомбылықтың ауыр түрлерін қолданған. Әйелдердің үштен екісі (66%) серігінің шабуылынан кейін кем дегенде бір жарақат алғанын айтқан.
Қарағанды медицина университетінің профессорларының зерттеуі 18 жастан 75 жасқа дейін 14 342 әйелге жүргізілген сауалнамаға негізделген.
Фото: Azattyq Ruhy