• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Анимация арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау керек

Сенатор Руслан Рүстемов өзінің депутаттық сауалында ақпараттық технология дәуірінде ұлттық ерекшелікті сақтау мәселесін көтерді.

by Jasyn
28/05/2024
in Әлеумет
0
Анимация арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттау керек
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутаттың айтуынша, шамадан тыс белсенді виртуалды әлемнің әсеріне төтеп беру үшін ұлттық тіл мен мәдени туындыларды ортақ құндылықтар ретінде белсенді түрде насихаттау аса маңызды. Отаншыл ұрпақты қалыптастыру үшін сол ақпараттық технологияны жете меңгеріп, ана тіліміздегі мәдени өнім мен тәрбие құралдарын заманауи форматта жаңғырту, бүгінгі күннің тілінде ұсыну аса өзекті боп тұр. Сенатордың пікірінше, осы мәселелер ең проблемалы болып табылады. Қазіргі балалардың бар ықыласы мен ынта-жігері толығымен смартфонға ауған. Анимациялық фильмдер бүлдіршіндердің дүниетанымын қалыптастыратын, тілін ұштайтын бірден-бір тәлім-тәрбие құралына айналып отыр. Алайда, егер қазақ мультфильмдері жоғары талаптарға сай келмесе, балалар оны көрмейді.

«Ұлттық танымымызға сай идеологиялық мазмұн-маңызға ие, баланың санасы тез қабылдайтын тәрбиелік мәні бар анима өнімдері де, балдырғандарға арналған кітаптар да өте аз. Тілі шұбарланып, қазақы тілдің қаймағынан айырылған, тіпті анайы сөзбен былғана бастаған қазақ киносының күрделі жағдайы да жеке сауалдың жүгі. Содан болар, балалардың тілі өзге тілде шығып, ұлтымызға жат таным-түсінігі қалыптасуда. Бұл ұлттың келешегі үшін өте қауіпті құбылыс. Себебі, анимация – жаһанданудың ең маңызды құралына айналды. Озық елдер анимацияға стратегиялық деңгейде мән беріп, өзінің ұлттық құндылығын өзге елдерге дарытуда», — деді Руслан Рүстемов.

Сенатор отандық анимацияны дамыту тұжырымдамасын әзірлеуді, «Кинематография туралы» заңды қайта қарауды, қаржы субсидиясымен ұлттық анимациялық орталық ашуды ұсынды. Сонымен қатар, ол анимациялық кино режиссері мамандығына гранттарды ұлғайту қажеттілігін, ұлттық рухқа сәйкес келетін мультфильмдерге жыл сайынғы тапсырыс берудің маңыздылығын, шетелдік анимациялық фильмдерді мемлекеттік тілге аударудың қатаң критерийлерін бекітуді және «Ұлттық анимация өнері туралы» заң жобасын дайындау қажеттігін атап өтті.

 

Tags: Анимация арқылы ұлттық құндылықтарды насихаттауКинематографиясенатор Руслан РүстемовҰлттық анимация
Jasyn

Jasyn

Next Post
Суретшілердің жұмысқа орналасуы қиын

Суретшілердің жұмысқа орналасуы қиын

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

2023 жылдан бастап үй жануарлары міндетті түрде есепке алынады

2023 жылдан бастап үй жануарлары міндетті түрде есепке алынады

3 года ago
Ұстаз білікті болмаса, бәрі бекер

Ұстаз білікті болмаса, бәрі бекер

9 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In