2024 жылдың қаңтар – мамыр аралығында педагогтерге әдістемелік көрсету және психологиялық қызметті жандандыру мақсатында кәмелетке толмағандар арасындағы зорлық-зомбылықтың (бопсалау, зорлық-зомбылық, жыныстық тиіспеушілік, буллинг/кибербуллинг, оның ішінде суицидтің) алдын алу және болдырмау бағытында барлығы 31 әдістемелік іс-шаралар (17 оқыту вебинарлары, 9 онлайн семинар, 5 әдістемелік семинарлар) өткізілді. Аталған іс-шараларға барлығы 18 184 педагог, 195 027 оқушы, 12 509 ата-ана қатысты.
Жамбыл облысында білім беру ұйымдарында жылда ақпан айында ата-ана – мектеп – оқушы үштік одағының ынтымақтастығын, психологиялық мәдениет пен сауаттылықты арттыру мақсатында психологиялық кеңес беру айлығы, сонымен қатар, мектеп оқушыларының құқықтық сауатылығын қалыптастыру мақсатында ақпан айында «Құқықтық тәрбие – құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы» ұйымдастырылып өткізілуде.
Облыс әкімдігінің білім басқармасы мен Жамбыл облысының ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы арасында 2023-2024 оқу жылына арналған Жамбыл облысы аумағында кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық пен нашақорлық профилактикасы, олардың құқықтарын қорғау, балалар мен жасөспірімдер суицидінің алдын алу, сонымен қатар балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алу бойынша бірлескен жоспары бекітіліп, алдын алу жұмыстары жүргізілуде.
Облыстық білім басқармасы тарапынан жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың алдын алу, суицидтің алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы, барысында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және олардың қауіпсіз мінез-құлқын қалыптастыру, зорлық-зомбылыққа жол бермеу мақсатында тәрбие саласына жауапты педагогтарға, педагог-психологтарға, сынып жетекшілерге арналған әдістемелік құралдар әзірленіп, білім беру ұйымдарына электронды нұсқасы таратылды.
Білім мекемелерінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың барлығы балалардың болашағы үшін және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін.
Жамбыл облыстық білім басқармасының басшысы Рауан Садырқұловтың айтуына қарағанда осы мақсатта ҚР Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығының негізінде тиісті қаражат қарастырып, мектептерде бөгде адамдардың кіруіне жол бермеу үшін білім мекемелеріне турникеттер мен талапқа сай бейнекамералар орнатылуда.
Сонымен қатар, мамандандырылған күзет жүмыс істейді.
«Ұрпақ тәрбиесі және оқушылардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қатаң бақылауымызда» дейді басқарма басшысы Р. Садырқұлов.
Фото: Голос Народа