• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Ана мен бала

Анаға қанша мақтау, алғыс айтсақ та көп болмайды

Әлемнің жарығын сыйлап, ұлтты ел қылып, оған ұлды қорған қылып, қызды еланасы қылып тәрбиелеген ұлы Аналарымызды қалай ардақтасақ та жарасады.

by Jasyn
10/08/2024
in • Ана мен бала
0
Анаға қанша мақтау, алғыс айтсақ та көп болмайды
0
SHARES
16
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханасында «Қайран, Ана жүрегі» атты ізгілік кеші өтті. Бұл кештің басты мақсаты — Аналардың мәртебесін нығайтуға, ана болудың маңыздылығын және қазіргі қоғамдағы аналардың рөлін арттыруға, қазақ халқының тарихындағы аналардың рөлін танымал етуге ықпал ету болды.

Кеш барысында «Ана — өмір шырағы!» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, кітапханашылар аналарға ізгі тілек, құттықтау арнап, өлеңдер оқып, әннен шашу шашты. Сондай-ақ, аналармен сұхбат ұйымдастырылды.

Иә, бұл күнгі ізгі тілектердің барлығы бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеткен асыл аналарымызға арналды.

Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Айтбала Жолмаханова «Қазақстан Республикасының Президенті Қ. Тоқаев «Дана халқымыз қашанда анасын ардақтап, аруларын сыйлай білген. Бұл – ежелден қанымызға сіңген асыл қасиет» деп атап өтті. Шынында әйел — ана, әйел — өмір, әйел — тіршілік өзегі» деп жүрек жарды лебізін білдірсе, кітапхана қызметкері Алиев Бақытжан «Ару ана» әнін нәшіне келтіре орындады.

Ана — әлемнің шамшырағы, бесіктің иесі, өмірдің  керегесі. Анаға қанша тілек, қанша мақтау мен  алғыс айтсақ та, көп емес.

Сарысу жерінде әр салада қызмет атқарып, туған өлкенің көркеюіне аянбай еңбек еткен, қазіргі таңда бейнетінің зейнетін көріп, ұрпақ рахатына бөленіп отырған аналарымыз аз емес, Атап айтар болсақ, Гүлнар Дүйсенова, Оразкүл Тоқбергенова, Бибігүл Байсейітова, Оңласын Қойшыбаева, Фатима Шыныбаева, Ғафура Оспанова, Зәуреш Әлмен, Мария Әлиева, Қанағат Әлиханқызы, Манат Доспанова. Бұл кеште Сарысу ауданынан құрылған аналар алқасының мүшелері, «Асыл аналар» ансамблі қонақта болып, әннен шашу шашты.

Жас ақын Бекайдар Аманбаев аналарға арнаған жүрекжарды жыры мен әсем әнін, Балкерім Қойлыбаева «Аяулы ана» әнін әуелете шырқап, аналардың көңілін көтерді. «Ана — теңдесі жоқ ұлылық» атты кітап көрмесіне кітапхана қызметкері Луиза Рахымбаева библиографиялық шолу жасап, әдебиеттерді оқуға шақырды.

Фото: Сарысу ауданы әкімдігі

Tags: «Ана - өмір шырағы!» атты кітап көрмесіАна - әлемнің шамшырағыСарысу аудандық орталықтандырылған кітапханасы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Болашақ аналар бас қосып, үлгі-өнеге алатын орда

Болашақ аналар бас қосып, үлгі-өнеге алатын орда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Жиһаз жеткізіп беремін деп жоқ боп кеткен

Жиһаз жеткізіп беремін деп жоқ боп кеткен

9 месяцев ago
Бүгін емханаға тіркелу науқаны басталды

Бүгін емханаға тіркелу науқаны басталды

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In