• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Агроөнеркәсіп

Көкөніс пен жеміс-жидекке арналған тұқымның 100%-ын импорттан алуға тура келеді

«Еліміздің тұқым шаруашылығы саласында проблема бар. Мысалы, Қазақстандағы жоғары тұқымның үлесі 0,8%, ал элиталық тұқымның үлесі 7,1%-ды құрайды. Бұл көрші Ресейге қарағанда едәуір төмен».

by Jasyn
19/05/2024
in Агроөнеркәсіп
0
Көкөніс пен жеміс-жидекке арналған тұқымның 100%-ын импорттан алуға тура келеді
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенат депутаттары Түркістан облысында өткізген «Оңтүстік аймақтағы агроөнеркәсіптің жай-күйі: проблемалары мен шешу жолдары» атты көшпелі отырысында сенатор Сәкен Арубаев осылай деді.

Ал, Сенат комитетінің төрағасы Әли Бектаев өз сөзінде еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет алдына агроөнеркәсіп секторындағы өндіріс көлемін 70%-ға өсіру міндетін алға қойғанын атап өтті.

«Бірінші кезекте ауыл шаруашылығын еш кедергісіз жүргізу үшін жағдай жасау қажет. Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен сапасын арттыру үшін жер мен табиғи ресурстарды пайдалану бойынша тиімді жағдайлар, инновациялық технология мен жабдықтар қажет», — деді сенатор Әли Бектаев.

Сенат депутаты Сәкен Арубаев өз кезегінде қазіргі уақытта ауыл шаруашылығы саласының даму деңгейінің төмендігін атап өтті. Ескірген технология, жердің құнарлылығының нашарлығы, минералды тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланбау оған басты себеп болып отыр.

«Сонымен қатар, тұқым шаруашылығы саласында да проблема бар. Мысалы, Қазақстандағы жоғары тұқымның үлесі 0,8%, ал элиталық тұқымның үлесі 7,1%-ды құрайды. Бұл көрші Ресейге қарағанда едәуір төмен. Демек, дәнді дақылға арналған тұқымның 40%-ын және көкөніс пен жеміс-жидекке арналған тұқымның 100%-ын импорттан алуға тура келеді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін сақтау деңгейі де төмен. Тиімді сақталатын өнім көлемі 900 мың тоннаны құрайды, бұл азық-түлік бағасына және олардың қолжетімділігіне айтарлықтай әсер етеді», — деді сенатор Арубаев.

Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Бағлан Бекбауов отырыс барысында салаға келетін инновация туралы хабардар етті. Су ресурстары және ирригация министрінің орынбасары Ерболат Ибрайханов су ресурстары саласындағы проблемаларды шешу туралы айтып берді. Сондай-ақ, сауда және интеграция министрінің орынбасары Айдар Әбілдабеков АӨК саласындағы өндірісті дамыту және кәсіпкерлерді қолдау қарқыны туралы баяндама жасады.

Tags: агроөнеркәсіпимпортКөкөніс пен жеміс-жидекке арналған тұқымытұқым шаруашылығы саласы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда 46 трлн доллардан асатын металдардың қомақты қоры жатыр

Қазақстанда 46 трлн доллардан асатын металдардың қомақты қоры жатыр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Үш қап есірткімен ұсталды

Үш қап есірткімен ұсталды

4 года ago
Қасым-Жомарт Тоқаев Женевада Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады

Қасым-Жомарт Тоқаев Женевада Қазақстан мен БҰҰ ынтымақтастығының басым бағыттарын талқылады

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In