• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home • Ана мен баланы қорғау

Сенаторлар әйелдерді қолдауға арналған «Бақытты отбасы» орталығының қызметімен танысты

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Палатаның бір топ депутатымен бірге әйелдерге арналған «Бақытты отбасы» білім және ақпараттық-консультациялық орталығына барды.

by Jasyn
14/05/2024
in • Ана мен баланы қорғау
0
Сенаторлар әйелдерді қолдауға арналған «Бақытты отбасы» орталығының қызметімен танысты
0
SHARES
15
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Орталықтың жетекшісі Ырза Тұрсынзада «Бақытты отбасы», бірінші кезекте, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған, жұмыссыз, қиын жағдайға тап болған және жалғызбасты аналарға жан-жақты қолдау көрсететін платформа екенін айтты. Мекемеде мамандандырылған кабинеттер жұмыс істейді. Сондай-ақ кондитерлік іс, тоқыма, ағылшын тілі, жұмсақ ойыншықтар тігу және тағы басқа кәсіп түрлерін үйрететін тегін курстар қарастырылған. Мұның бәрі әйелдерге өзін өзі дамытуға және жеке кәсібін бастауға жол ашатын қадамдар екені сөзсіз.

Мәулен Әшімбаев әйелдер құқығын қорғауда және инклюзивті Қазақстан қалыптастыруда осындай орталықтардың маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ мүгедектігі бар адамдарды қолдауға және оларды оңалтуға, аталған санаттағы азаматтардың қоғам өміріне белсенді араласып, жұмыспен қамтылуына арналған шаралардың берері мол екені айтылды.

«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасы бойынша отбасы институтын нығайтуға, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға арналған заңдар әзірленіп, қабылданды. Осы заңдар арқылы мемлекеттік отбасы саясатын қалыптастыруға жауапты уәкілетті органның мәртебесі айқындалды. Өмірде қиын жағдайға ұшыраған отбасыларды қолдауға арналған ережелер де қарастырылды. Сондай-ақ әйелдер мен балаларға қарсы қылмыстың жауапкершілігі күшейтілді. Мемлекет басшысы белгілеп берген осы бағыттағы міндеттерді іске асыруда «Бақытты отбасы» сияқты орталықтар маңызды рөл атқарады. Алдағы уақытта біздің бірлескен жұмысымыз мүмкіндігі шектеулі азаматтарға жайлы жағдай жасауға және отбасы институтын нығайтуға тың серпін береді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Іс-шара соңында Орталық басшысы жаңа бастамаларға қолдау білдіріп, ынтымақтастық танытқаны үшін сенаторларға алғыс айтты. Сондай-ақ ол алдағы жоспарларына тоқталып, әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған жаңа ұсыныстарын атап өтті.

 

Tags: «Бақытты отбасы» білім және ақпараттық-консультациялық орталығыСенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев
Jasyn

Jasyn

Next Post
Балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Балаларды қауіпті ауруларға қарсы иммундауға 5,8 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Үкімет Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын қалай жүзеге асырады?

Үкімет Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын қалай жүзеге асырады?

1 год ago
Жамбыл облысында таулы аумақтағы 650 гектар жер өртенді

Жамбыл облысында таулы аумақтағы 650 гектар жер өртенді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In