Жүргізуші автокөлігінің нөмірін алып тастап, қала ішінде бірнеше рет жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған.
Жүргізушіге қатысты бірден бес әкімшілік хаттама толтырылып, 110 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Көлік құралы арнайы айып тұраққа қойылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды, құқық бұзушылықтардың соңы қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін екендігін ескертеді.
Есіңізде болсын: жол қателікті кешірмейді!