• RU
Воскресенье, 29 марта, 2026
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
JASYN
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көру
Home Қаржы

Жамбыл облысы 28,8 млрд теңге қарыздан қашан құтылады?

бойынша Jasyn
26/04/2024
in Қаржы, Топ
0
Жамбылдың ауылшаруашылығы саласы қарыздан көз ашпай тұр
0
Бөлісу
60
Қаралған
Share on FacebookShare on Twitter

Жақында ғана сенатор Сәкен Арубаев Үкімет жетекшісінің атына депутаттық сауал жолдап, Жамбыл облысында агроөнеркәсіп кешенін дамытуға биылғы жылы бөлінген 19 млрд теңгенің 12,5 млрд теңгесі өткен жылдың өтпелі қарыздарын жабуға жұмсалмақ екенін айтып, 2023 жылдан қалған қарыздарын өтеуге және 2024 жылға  қолдау  көрсету үшін тиісті қаржы қажеттілігін қарастыруды сұраған болатын. Сенатордың айтуына қарағанда Жамбыл облысының жалпы қарызы 28,8 млрд теңге.

Бұл қандай қарыз? Қалай пайда болған?

Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс XIV сессиясында осы мәселені депутаттар да көтеріп, тиісті басшылар жауап берді.

Сандуғаш Абдралиева, Жамбыл облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы:

— Бұл жерде механизм былай… Ауылшаруашылығы тауарын өндірушілердің тарапынан өтінімдерді жыл бойы қабылдай береді. Бөлінген қаржы таусылған кезде де өтінімдер түсе береді. Содан қарыз қалыптасады. Біз осыған байланысты тиісті салалық министрліктерге хаттар жолдадық. Шынында республикалық бюджеттен өңірге бөлінген 20 млрдқа жуық қаржының 12 млрдтан астамы былтырғы түскен өтінімдерді жабуға жұмсалайын деп отыр. Сондықтан биылғы түскен өтінімдерге қаржы жетпейді деген сөз. Ауылшаруашылығы саласына бөлінген субсидиялар жалпы сипаттағы трансферттер көлеміне кіргізілген. Сондықтан қосымша қаржы сұрап тиісті министрлікке хат жолданған болатын. Алайда бүгінгі күнге қосымша қаржының болатыны, болмайтыны туралы нақты ақпарат жоқ.

Нұржан Мұқашев, Жамбыл облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

— Жылда агроөнеркәсіп саласына 20 млрд теңгенің төңірегінде қаржы бөлінеді. Жыл ішінде қажеттілікке байланысты республикалық бюджеттен қосымша қаржы сұралады. Өткен жылы 12 млрд теңге қарыз боп қалдық. Бұған жергілікті бюджеттің шамасы келмейді. Қосымша 28 млрд теңгеге республикалық бюджетке өтінім берілді.

Қанатбек Мәдібек, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары:

— Бұл қарыз қаншама жылдан бері жалғасып келеді. Жергілікті бюджет арқылы бәрін бірден жаба салу мүмкін емес. Өйткені шаруалар субсидия, басқа да мүмкіндіктерді пайдалану үшін өтінімді электронды түрде береді. Сондықтан бұл процесс тұрақты түрде жалғаса береді. Нақты ұсыныстар бердік. Басқа облыстарда да тура осындай жағдай. Яғни, мұндай қарыздар барлық өңірлерде бар.

Осылайша жауаптылар бұл қарыздың қалай пайда болғанын айтып бергенімен, бұл қарыздан қашан құтылатыны туралы дөп басып ештеңе дей алмады. Өйткені бұл қарызды облыс бюджетінен төлеп тастау мүмкін емес. Амал жоқ, жоғарыға алақан жаяды.

Ал, агроөнеркәсіп кешенін дамытуға бөлінген қаржының тең жартысынан астамы қарызды жабуға жұмсалатындықтан бұл бағыттағы жұмыстар қалай нәтиже берері түсініксіз. Негізі бұл бағдарламамен шаруалар қажетті техника, құрал жабдықтары мен су үнемдеу технологияларын алулары керек болатын.

Осының салдарынан Жамбыл облысына биылға  белгіленген 9,8 мың гектар қант  қызылшасын орналастыру нормативіне сәйкес өндірілетін 346,0 мың тонна өнім көлеміне қажетті қаражат  8,6 млрд. теңгені құрағанымен, бұл бағытқа  2,0 млрд. теңге ғана жоспарланған.

Оған қосымша, минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға қажетті 3,1 млрд. теңгенің  қаралмағаны тағы  бар.

Одан бөлек, осы жылға мал шаруашылығын дамытуға 5,3 млрд. теңге бөлінгенімен, өткен жылдан қалған  қарыз  2,6 млрд. теңгені құрап, мал  шаруашылығының да мазасы қашуда. Сол сияқты, биылға инвестициялық субсидиялау бағдарламасына бөлінген 6,7 млрд. теңге қаржының  91 %  тағы   өтпелі  қарызға  бағытталмақ.

 

 

Tags: Жамбыл облысы агроөнеркәсіп кешеніЖамбыл облысының жалпы қарызы 28 млрд теңге.сенатор Сәкен Арубаев
Jasyn

Jasyn

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Тоқаев Данияр Есинді Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінен босатты

Тоқаев Данияр Есинді Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінен босатты

4 года бұрын
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы келіп жетті

Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы келіп жетті

4 года бұрын

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Нәтиже жоқ
    Барлық нәтижені көру
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In