• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Құрылыс

2017 жылы басталған Астана – Балқаш – Алматы автожолын жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ

Қыруар қаржы бөлінеді, ал жолдарды жөндеу жұмысының аяғы көрінбейді. Бұл сала тек ақша құюды талап етеді. Сенатор Бекболат Орынбеков өзінің депутаттық сауалында жолдарды жөндеу мәселесі ұзақ жылдар бойы шешілмейтіні туралы айтты.

by Jasyn
12/04/2024
in Құрылыс
0
2017 жылы басталған Астана – Балқаш – Алматы автожолын жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутат еліміздің Президенті Үкіметтің кеңейтілген отырысында жөндеу жұмысы аяқталмайтын республикалық маңызды трассалар мәселесін тағы да көтергенін еске салды. 2017 жылы басталған Астана – Балқаш – Алматы автожолында жөндеу жұмыстары әлі аяқталған жоқ. Атырау – Астрахань, Ақтөбе – Қандыағаш, Талдықорған – Өскемен сияқты басқа да республикалық жолдарда жөндеу жұмыстары 5 жылдан астам уақыт бойы жүріп жатыр.

«Президент бұған дейін Қарағанды облысындағы жұмыс сапарында Қарағанды – Балқаш және Балқаш – Бурылбайтал жолдарының құрылысын сынға алып, жұмыстардың баяу жүріп жатқанына назар аударды. Қарағанды облысы арқылы Қазақстанның оңтүстігі мен солтүстігін жалғайтын негізгі магистраль болғандықтан, автожолдардың сапасы өңірдің дамуына ерекше ықпал ететіні еске салынды. Қарағанды-Жезқазған тас жолының маңыздылығына тоқталды. Ұзындығы 500 шақырымнан асатын бұл жолды жөндеу, орталық аудандармен байланысты жақсартуға және жүк ағынын ұлғайтуға мүмкіндік беріп, Ұлытау облысының дамуына оң әсерін тигізеді. Осылайша, екі облыстың инвестициялық және туристік бағытының ұлғаятынына айрықша мән берілді», — деп сенатор Орынбеков Мемлекет басшысының тапсырмасын еске салды.

Депутаттың пікірінше, қазір автожолдарды жөндеуді аяқтау мерзімдерінің орындалмау қаупі жоғары. Сонымен қатар, қазір жаңа магистральдар салу жоспарлары айтылуда. Депутат егер бүгінгі күні басталған жобаларды аяқтауға қаржы болмаса, онда жаңа жобалар туралы не айтуға болады, деп таңданысын білдірді.

«Атырау – Астрахань, Ақтөбе – Қандыағаш, Күрті-Қапшағай, Қарағанды-Балқаш жобалары әлі күнге дейін тиісті қаржыландырумен қамтамасыз етілмеуінің себебі неде? Оларды бюджет қаражаты есебінен қосымша қарыздарсыз аяқтауға мүмкіндік бар ма? Осы жобаларды аяқтауға Еуразиялық даму банкінен қарыз алу қаншалықты мүмкін? Жаңа қарыздарды тарту рәсімдері ұзаққа созылып, төлем мерзімдері бұзылмай ма? Немесе құрылысқа тартылған мердігерлік ұйымдар алдындағы міндеттемелердің уақтылы орындалуына кедергі болмай ма? Көлік министрлігінің 12 мың шақырым жолын қамтитын ұзақ құрылыстарды аяқтау және жаңа жобаларды іске асыру бойынша нақты қандай жоспар бар?»,- деп Бекболат Орынбеков сұрақ қойды.

Tags: Астана – Балқаш – Алматы автожолСенатор Бекболат Орынбеков
Jasyn

Jasyn

Next Post
Гидротехникалық құрылыстардың 60%-дан астамы тозған

Гидротехникалық құрылыстардың 60%-дан астамы тозған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

2023 жылдың 1 тоқсанында Қазақстанға үшінші елдерден  25 277 жеңіл автокөлік импортталған

2023 жылдың 1 тоқсанында Қазақстанға үшінші елдерден 25 277 жеңіл автокөлік импортталған

2 года ago
Жамбыл облысында  қымбат автокөліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды

Жамбыл облысында қымбат автокөліктерді алаяқтықпен иемденген күдікті анықталды

3 месяца ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In