• RU
Суббота, 5 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ауыл шаруашылығы

Жамбылда қант қызылшасын өндіруге 8,6 млрд теңге қажет болса, 2 млрд теңге ғана бөлінді

2021-2025 жылдарға арналған агроөнеркәсіп кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба аясында Жамбыл облысына қомақты қаржы бөлінген болатын. 11 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шамамен 30,6 млрд. теңге қаржыға ие болды.

by Jasyn
12/04/2024
in Ауыл шаруашылығы, Топ
0
Жамбылда қант қызылшасын өндіруге 8,6 млрд теңге қажет болса, 2 млрд теңге ғана бөлінді
0
SHARES
11
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Алайда, сенатор Сәкен Арубаев ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қаражат жеткіліксіз жоспарланғанын атап өтті. Мысалы, 9,8 мың га алқапта қант қызылшасын өндіруге 8,6 млрд теңге қажет болатын, алайда тек 2 млрд теңге ғана бөлінді. Сондай-ақ егіс алқаптарын ұлғайтуға қажетті минералды тыңайтқыштарға субсидия берілмеді.

«Негізгі мәселелердің бірі – өздігінен жүретін доңғалақты тракторлар мен комбайндардың жаңару көрсеткішін 10,0 пайызға дейін жеткізу. Ал, шаруалардың өз қаражаты есебінен техниканы сатып алуға мүмкіншілігі төмен. Бүгінгі күнге, техниканы және технологиялық жабдықты сатып алуға несие беру, сондай-ақ, лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау бағдарламасы аясында бастапқы аванстық төлем жүргізу арқылы өз шешімін табуда. Дегенмен, бұған дейін жасалған шарттар бойынша субсидиялар суммасы мен алдағы қарастырылатын жобаларға аванстық төлемдер өтелген жағдайда ғана қосымша 100 бірлік әртүрлі техникамен қамтуға мүмкіндік бар. Бірақ бұл шешілмеген мәселелердің қатарында қалып отыр», — деді сенатор депутаттық сауалында.

Сенатор сонымен қатар өңірдің мал шаруашылығы саласында да жағдай күрделі екенін атап өтті. Осы саланы дамытуға 5,3 млрд теңге бөлінсе де өткен жылдан қалған резервтік өтінімдердің қарыз сомасы 2,6 млрд теңгені құрады. Бұл мал шаруашылығының бұдан былайғы дамуына қауіп төндіріп отыр.

«Осыған байланысты, Мемлекет басшысының тапсырмасын іс жүзінде орындау мақсатында, Жамбыл облысының агроөнеркәсіптік кешенінің  2023 жылдан қалған қарыздарын өтеуге және 2024 жылға қолдау көрсету үшін тиісті қаржы қажеттілігін қарастыруды, сондай-ақ республикамыздың барлық аймақтарында орын алып отырған өзекті мәселе екенін  жеткізе отырып, барлық бағыттар бойынша тиісті зерделеу жұмыстарын жүргізіп, нақты шаралар қабылдау керек», — деді Сәкен Арубаев.

Tags: агроөнеркәсіпЖамбыл облысықант қызылшасыСәкен Арубаевтыңайтқыштарға субсидия
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстаннан Өзбекстанға ұн экспорты үш есеге төмендеді. Неге?

Қазақстаннан Өзбекстанға ұн экспорты үш есеге төмендеді. Неге?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

7 248 түлек еңбек нарығына аттанғалы отыр

7 248 түлек еңбек нарығына аттанғалы отыр

1 месяц ago
Жамбыл облысында жол жабылды

Жамбыл облысында жол жабылды

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In