• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Мемлекеттік бағдарламалар орындалмады, алайда ешкім жауапқа тартылған жоқ

Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің сенаторлары 2022-2024 жылдар аралығында 50-ден аса депутаттық сауал дайындады және Үкімет атына жолдады. Алайда Жанболат Жөргенбаев депутаттық сауалдарға Үкімет тарапынан келген ресми жауаптар көңіл көншітпейді, деп санайды.

by Jasyn
01/04/2024
in Әлеумет
0
Мемлекеттік бағдарламалар орындалмады, алайда ешкім жауапқа тартылған жоқ
0
SHARES
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатор депутаттық сауалдардың тақырыбы ауылды дамыту, ауыл шаруашылығында суды тиімді пайдалану, өңірлердегі фермерлік шаруашылықтарды кеңейту, жайлы мектеп, бірыңғай ұлттық генетикалық банк құру, ауыл тұрғындарының қалаға көші-қон себептері, ауылдық жерлердегі жайылым проблемалары және т. б. туралы екенін атап өтті.

«Іс жүзінде көптеген өршіл жобалар қағаз жүзінде ғана қалып, бірде-бір мемлекеттік бағдарлама межелеген индикаторларға қол жеткізілмеген жұмыстар туралы жазылады немесе «болады», «сұралуда», «жоспарлануда» деген стандартты жауаптармен аяқталады. Ең сорақысы, теріс нәтиже үшін ешкім жауапқа тартылмайды, өйткені іс жүзінде көп нәрсе ниет декларациясының деңгейінде қалады. Мұны немқұрайлылық немесе сол жауапты жолдаған мемлекеттік қызметкердің, министрліктің немесе мемлекеттік органның жауапты азаматының кәсіби деңгейін көрсетеді деп ойлаймын», — деді сенатор.

Депутат ауыл шаруашылығы мен агробизнес проблемасында кешенді шешім қабылдау үшін олардың өзара тәуелді дамуын көздейтін жалпы бағдарлама дайындап, қалыптасу мен дамудың барлық жақтарын қамту қажеттігін атап өтті.

«Шикізат өндірісінің салаларының дамуымен қатар, өндіруші өнеркәсіптің өсуін ынталандыруға республиканың экономикалық саясаты мен даму стратегиясын жедел қайта бағыттау қажет.  Сонымен қатар, экономиканы әртараптандыру жөнінде кәсіпкерліктің алатын орны жөнінде тағы бір мәселе – ауылшаруашылығы өндірісіндегі шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесін қайта қарастыру қажет. Шағын және орта бизнестің негізгі мәселесі — салықтан босату емес, Қазақстанда тиімді, әлеуетті сұраныстың жоқтығы. Сондықтан, агробизнес ортаны жақсарту мәселесіне үлкен көңіл аудару қажеттігі туындап отыр», — деді Жанболат Жөргенбаев.

Депутат Жанболат Жөргенбаев Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің атына сауал жолдай отырып, бұрын сенаторлар ұсынған ұсыныстарды тағы да еске салды және оларға назар аударуды өтінді.

 

Tags: Жанболат ЖөргенбаевМемлекеттік бағдарламалар
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жағдай осылай жалғасатын болса, тиісті қызметкерлерді лауазымынан босату қажет

Жағдай осылай жалғасатын болса, тиісті қызметкерлерді лауазымынан босату қажет

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Еліміздің 150 мыңнан астам оқушылары оқу жылын жөндеуден өткен ғимараттарда бастады

Еліміздің 150 мыңнан астам оқушылары оқу жылын жөндеуден өткен ғимараттарда бастады

2 года ago
Еліміздегі өңірлік ЖОО-ларға «ұлттық» мәртебесін беру ұсынылды

Еліміздегі өңірлік ЖОО-ларға «ұлттық» мәртебесін беру ұсынылды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In