• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

«Абай кім?», «Қабанбай кім?» деген сауалдарға жастар «әкім, министр» деп жауап берген

Жастар Қазақстан тарихын жете білмейді, қазақ тілі шұбарланып барады, күллі халқымызға қасиетті домбыраны харам деген делқұлылар пайда болды. Сенатор Сәкен Арубаев Үкімет басшысының атына ұлттық құндылықтарды ілгерілету мәселелері туралы депутаттық сауал жолдады.

by Jasyn
01/04/2024
in Әлеумет, Топ
0
«Абай кім?», «Қабанбай кім?» деген сауалдарға жастар «әкім, министр» деп жауап берген
0
SHARES
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Сенатордың пікірінше, қазіргі қазақстандықтар тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы мен одан әрі дамуына елеулі үлес қосқан батырлар мен тұлғалардың өмір тарихынан бейхабар болып шықты. Себебі, тәуелсіздік жылдарында бұл бағытта нәтижелі мемлекеттік бағдарлама мен кешенді даму жоспары қабылданбаған.

«Біздің ата-бабадан қалған, мұра мен мирас болған ұлттық құндылықтарымыз қашан да – біліммен, намыспен, таныммен,  тәрбиемен  ұрпаққа  дарыған. Өкінішке орай, қоғамдық санаға тірек болар осындай қастерлі қасиеттер – батыстың ба, жоқ әлде басқаның ба жетегіне еріп, ұлттық болмысты әлсірету ашық көрініске ие болып бара жатқандай. Керек десеңіз қазақтың қара домбырасын – харам деген  ғайбат  сөзді  де  естідік. Өкініштісі, бүгінгі ұрпақ ұлттық тарихымыздың діңгегіне айналған, батырлар мен арыстарының есімдерін мақтанышпен айтудан, өмір жолдарын білуден тыс қалғандай. Жастар «Абай кім?», «Қабанбай кім?», «Ақан кім?», «Қаныш кім?» деген сауалдарға «әкім, министр, атақты спортшы» деген өзек өртер жауаптар  берді», — деді сенатор.

Сенатор осы саладағы жағдайды жақсартуға, ұлттық сананы бекемдеуге және қазақстандықтардың рухани құндылықтарын сақтауға мүмкіндік беретін бірқатар ұсыныс айтты.

«Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігімен бірлесе отырып, Мемлекет басшысы жанынан ұлттық құндылықтар бойынша жұмыстарды жүйелейтін арнайы мемлекеттік комиссия құру қажет. Үкімет бұл бағытта жаңа Тұжырымдама әзірлеп, «Республикалық ұлттық құндылықтарды насихаттау орталығын» аша отырып, оның құрамына Үкімет мүшелерімен қатар, ғалымдар мен тарихшылар, зиялы қауым  мен  азаматтық  қоғам  белсенділерін тарту керек. Шет елдерден келетін туристерге, қазақ халқының ұлттық құндылықтары жайлы үш тілдегі түсіндірме және насихат материалдарын шығаруды қолға алу керек. Әлеуметтік желілер әлеуетін тиімді пайдалану жолдарын қарастыру керек», — деді сенатор Арубаев.

 

Tags: сенатор Арубаевұлттық құндылықтары
Jasyn

Jasyn

Next Post
Мемлекеттік бағдарламалар орындалмады, алайда ешкім жауапқа тартылған жоқ

Мемлекеттік бағдарламалар орындалмады, алайда ешкім жауапқа тартылған жоқ

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда педагогтердің, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті

Қазақстанда педагогтердің, медицина және әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы өсті

3 года ago
«Омикрон» емханасының негізін қалаушы ДДҰ-ны сотқа береді

«Омикрон» емханасының негізін қалаушы ДДҰ-ны сотқа береді

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In