• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Астанада 4 тонна немесе 140 мыңға жуық пакет насыбай өртенді

18 наурыздан бастап Астананың барлық ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр. Полицейлер сауда орындарын тексеріп, таратушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

by Jasyn
26/03/2024
in Қоғам
0
Астанада 4 тонна немесе 140 мыңға жуық пакет насыбай өртенді
0
SHARES
14
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

18 наурыздан бастап Астананың барлық ауданында вейп пен насыбайдың заңсыз таралуы мен қолданылуын анықтау бойынша рейдтер жүргізіліп жатыр. Полицейлер сауда орындарын тексеріп, таратушыларды әкімшілік жауапкершілікке тартады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астана бойынша рейд барысында 4 тонна насыбай тәркіленді, оның құны 20 млн теңгеден асады. Тәркіленген барлық өнім жойылды.

Акцияны Астана қаласының әкімдігі мен елордалық полиция департаменті жеке серіктес – «Green economy» Еуропалық-Азиялық қауымдастығының ЗТБ «Kazecotech» ЖШС-нің көмегімен ұйымдастырды. Акцияға медиа тұлғалар, «Аманат» партиясының «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері, елорданың еріктілері мен блогерлері белсенді қатысты.

Насыбайды жою жөніндегі акция өндірістік база аумағында өтті. Заттың барлық көлемі медициналық қалдықтарды кәдеге жаратуға арналған мамандандырылған қондырғыда жойылды. Ол Қазақстандағы жалғыз «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ» «жасыл» технологиялар мен жабдықтар тізіліміне енгізілген. Тиісінше, шегілмейтін темекі өнімдерін (насыбай) термиялық жоюдан экологияға зиян жоқ. Процесті арнайы комиссия бақылап отырды.

Рейдтік іс-шаралар апталығында елорданың бес ауданында 500-ден астам сауда орны тексерілді. Полиция департаментінің қызметкерлері аудан әкімдіктерімен бірлесіп, шегілмейтін темекі өнімдерін сатудың 70-ке жуық фактісін, оның ішінде насыбай өндірісі бойынша жерасты цехтарын анықтады.

Рейдтік тексерулер нәтижесінде бұзушылар 25 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл сала отырып, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (ӘҚБтК) 196-бабына сәйкес әкімшілік жауапқа тартылады. Барлық өнімдер жергілікті орындардан тәркіленеді.

Tags: 4 тонна насыбай жойылды
Jasyn

Jasyn

Next Post
Жамбылда өрт салдарынан 48 бас мал қырылды

Жамбылда өрт салдарынан 48 бас мал қырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Биылғы үш айда Қазақстаннан 5,5 мың адам көшіп кеткен

Биылғы үш айда Қазақстаннан 5,5 мың адам көшіп кеткен

4 года ago
Ресейде әйел біреудің баласын перзентхана терезесінен лақтырып жіберді

Ресейде әйел біреудің баласын перзентхана терезесінен лақтырып жіберді

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In