• RU
Пятница, 4 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Аяжанның ұстазы: «Өте аңқау қыз, алдап шақырған»

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Аяжанның ұстазы: «Өте аңқау қыз, алдап шақырған»
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кісі қолынан қаза тапқан Аяжан Еділованың туыстары оның денесін әлі жер қойнына тапсыра алмай отырғандарын «Астана» арнасына берген сұхбатында айтты. Сонымен қатар, олар Аяжан пәктігін саудалаған деген қоғамда тараған қауесеттер күдіктінің жазасын жеңілдету мақсатында жасалып жатыр деп топшылайды.

Бұл қауесетті колледж ұстаздары  да жоққа шығарды. Олар бойжеткеннің оқуда озат, әрі тәрбиелі болғанын айтады. Сондықтан «Аяжан күдіктінің үйіне 500 мың теңге үшін барған» дегенге сенбейді.

«Мен бұл пікірмен мүлде келіспеймін. Өйткені ол қызды мен басқа қырынан білемін. Қазақи тәрбиелі, қарапайым қыз болған. Өзінің сөйлесіп жүрген жолдасы болды. Осы соңғы курсы, 4 жыл бойы осы колледжде оқып шықты, бірінші курстан бастап, грантта оқыды. Үлгілі, үздік оқушылардың бірі еді», — деді ұстазы Томирис Кустова.

Аяжан дизайн және технология мамандығына түскен. Кейін киім дизайнымен әуестеніпті. Жасаған жұмыстарын әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеп отырған. Колледж директоры, бойжеткеннің қосымша сән салонында да жұмыс істегенін айтты.

«Еділова Аяжанның өзінің коллекциялары болатын. Ол өзінің жұмысын өте ерте бастады. Басқа студенттер үлгі алатындай жан-жақты қыз болатын. Бос уақыты болмайтын, бізге үнемі көмектесетін. Артық жүрісін ешқашан байқамағанмын», — деді «Сымбат» дизайн және технология академиясы колледжінің директоры Гүлнәр Оразымбетова.

Түрік тілінің ұстазы Әйгерім Үсенова, Аяжанның арманы асқақ еді деп еске алды. Ол тіл үйретіп, шетелге барып жұмыс істеуді жоспарлапты.

«Жексенбі күні 14-і күні ол менен дәріс алды. Сосын 17-сінде келді. Сол кезде «аптасына үш рет келсем, болады ма деп сұрады. «Мен жазға дейін түрік тілін үйренсем қалай болады» деген еді. Аяжан жеңіл жүрісті қыз деп айта алмаймын. Өте аңқау қыз, алдап шақырған», — деді Әйгерім Үсенова.

Жатақханада бірге тұрған құрбысы Баян да соңғы күндері орын алып жатқан жайттардан ес жия алмай жүр. Ол қылмысқа барды деген күдіктіге қатысты бұрын-соңды тіпті естімеген.

«Ол маған бәрін айтатын. Арамызда қаншама әңгіме болды. Ол ешқашан ондайға баратын қыз емес. Жұмыс бабымен алдап шақырған шығар. Өйткені ол жұмысқа қатты кірісіп кеткен», — деді құрбысы Баян Балтабай.

Арнаға сұхбат беруден бас тартқан Аяжанның туыстары марқұмның денесін әлі жер қойнына тапсыра алмай отырғандарын жеткізді. Олар тергеу салдарынан дене бөлшектері берілмей отырғанын мәлімдеді. Ал қоғамда тараған қауесет әңгімелер күдіктінің жазасын жеңілдету мақсатында деп топшылады.

«Бұл қылмыстық істі 26-шы наурыздан бастап арнайы прокурорлар жан-жақты тергеп жатыр. Біз тергеу барысын жария ете алмаймыз. Оны таратуға немесе қандай да бір ақпарат айтуға құқығымыз жоқ. Қазір 28 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр», — деді ҚР ІІМ тергеу бөлімінің бастығы Ермек Шүлден.

Еске салсақ, 19 жастағы Аяжан 19-шы наурыз күні кешкісін жұмыстан шығып, қайта оралмаған еді. Оның бөлшектелген денесі араға екі күн салып, Нұркент ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылды.

Күдікке 28 жастағы Түркістан облысының тумасы ілікті. Оның кінәсі дәлелденсе, Қылмыстық Кодестің 99 бабы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

 

Jasyn

Jasyn

Next Post
Головкин сусындар шығара бастады

Головкин сусындар шығара бастады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының сақталуына қатысты профилактикалық бақылау күшейтілді

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар құқықтарының сақталуына қатысты профилактикалық бақылау күшейтілді

2 года ago
Тоқаев Ресейдегі ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты

Тоқаев Ресейдегі ұшақ апатына байланысты Путинге көңіл айтты

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In