• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Вакцина оразаны бұза ма?

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Вакцина оразаны бұза ма?
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы вакцинаның оразаны бұзбайтынын айтты.

Muftyat.kz ресурсының жазуынша, шариғат бойынша кез келген нәрсе табиғи жолдар (ауыз, мұрын, тік ішек) арқылы ішке кірсе, оразаны бұзады. Ал дене арқылы кірсе, оразаны бұзбайды. Бұл туралы «Фәтауа Һиндия» кітабында «Терідегі ұсақ тесіктер арқылы май секілді заттың ішке кіруі оразаны бұзбайды» делінген (1 том, 266-бет). Имам Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммед (Алла оларды рақым етсін) бұл жайында: «Қарындағы және бастағы терең жараны емдеу оразаны бұзбайды. Өйткені (ораза бұзылу үшін оған қолданылатын) дәрі ішке негізгі (табиғи) жолдармен баруы шарт. Ал ішке баратын жолдың тығыздығынан және емделу барысында оның бітеліп қалуынан жара арқылы дәрінің ішке жетуі екіталай», – деп тұжырым жасайды («Әл-фиқһ әл-ханафи уә адилләтуһу», 1/392).

Имам Әбу Ханифа (Алла оны рақым етсін): «Қарындағы немесе бастағы терең жараны емдегенде дәрі ішке немесе бас миға жетеді және ол оразаны бұзады», – деп ескерткен («Әл-һидая шарху бидаят әл-мубтади», 1/557).

Қазіргі заман ғалымдары екпе арқылы салынатын дәрілерді ас-су сияқты денеге азық, қуат болатын және емделу үшін (денеге қуат, азық болмайтын) етіп, екіге бөліп қарастырады. Олар: «Тері астына және бұлшық етке емделу үшін (денеге қуат, азық болмайтын) ине салса, ауыз ашылмайды», – деп айтады.

Бірақ көк тамырға екпе салу (қан құюдан басқа) мәселесінде ғалымдардың көзқарасы әртүрлі. Ғалымдардың көбі «Тамырға салынатын ине денеге қуат, азық болмаса, ораза бұзылмайды» дейді («Әл-муфассал фи әл-фиқһ әл-ханафи», 276-бет).

Екпе (вакцина) – бактерия, вирус секілді микроорганизмдерден алынып, адам организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препарат. Ол қажетті азық немесе организмге қуат беретін дәрумен емес. Сондықтан адам денесіне (тері астына, бұлшық етке, жамбасқа, көк тамырға) инемен екпе егу оразаны бұзбайды.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Аяжанның ұстазы: «Өте аңқау қыз, алдап шақырған»

Аяжанның ұстазы: "Өте аңқау қыз, алдап шақырған"

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы комбинатында тағы бір адам қайтыс болды

«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы комбинатында тағы бір адам қайтыс болды

3 года ago
Скринингке арналған жабдық жоқ, бірақ тексерулер жүргізуге ақша жұмсалып келеді

Скринингке арналған жабдық жоқ, бірақ тексерулер жүргізуге ақша жұмсалып келеді

12 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In