• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қаржы

Алматының денсаулық сақтау саласына 334,2 млрд.теңге бөлінді

Биыл Алматы қаласы денсаулық сақтау саласының бюджеті 334,2 млрд теңгені құрап отыр. Оның 158,5 млрд теңгесі МӘМС пакетіне тиесілі, деп хабарлады Медициналық сақтандыру қорының Алматы қалалық филиалы директоры Тілеухан Әбілдаев.

by Jasyn
06/03/2024
in Қаржы
0
Алматының денсаулық сақтау саласына 334,2 млрд.теңге бөлінді
0
SHARES
2
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Филиал баспасөз қызметі таратқан хабарламаға сүйенсек, қазіргі таңда Қор былтыр қала тұрғындарына көрсетілген медициналық қызмет ақысын толық төлеп болды. Барлық емдеу мекемелері аванс алды.

«2024 жылы оңтүстік астаналықтар медициналық көмекті 213 емдеу мекемесі арқылы ала алады, оның 122-сі – жеке меншік. Биыл қызмет көрсетушілер саны жаңа он клиникамен толықты, олардың дені бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін мекемелер, яғни емханалар мен стоматологиялық клиникалар. Олардың тізімімен Қордың fms.kz сайты арқылы танысуға болады», — деп атап өтті Тілеухан Әбілдаев.

Биылдан бастап Қор мен медицина ұйымдарының жұмысында көптеген процестер оңтайландырыла бастады. Біріншіден, қаржыны медицина ұйымдары арасында бөліске салу процесі толығымен автоматтандырылды. Бұл қаржыландыру процесін барынша тездетуге мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Бірыңғай қызмет пакетін кезең-кезеңмен қалыптастыру жұмыстары қолға алынды. Қазірдің өзінде үш немесе одан да көп келісімшарттың орнына бір келісімшарт, қос қаржыландыру көзінің орнына – бір пулды пайдалану жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл басы артық қағазбастылықтан арылтып, әсіресе, дәрігерлердің жұмысын жеңілдетеді. Мұның пациенттерге кері әсері болмайды, олар медициналық көмек түрлерін бұрынғыша пайдалана бермек», — деді филиал директоры.

Tags: Алматы денсаулық сақтау саласы
Jasyn

Jasyn

Next Post
Париж Олимпиадасына арналған киім формасының дизайнына ашық конкурс жарияланды

Париж Олимпиадасына арналған киім формасының дизайнына ашық конкурс жарияланды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін қашан және кімге қарсы өткізеді?

Қуат Хамитов келесі жекпе-жегін қашан және кімге қарсы өткізеді?

4 года ago
Түркістандық оқушылар ғарыш наносерігімен байланыс орнатты

Түркістандық оқушылар ғарыш наносерігімен байланыс орнатты

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In