• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Ақ самаурын

Газон

by Jasyn
06/03/2024
in Ақ самаурын
0
Газон
0
SHARES
65
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Менің жан достарым – бүгінде белгілі журналист-қаламгерлер Ғалымжан Елшібай мен Шадияр Молдабек мектеп бітіргеннен кейін ҚазМУ-дің сырттай бөліміне оқуға түсіп, Төлеби аудандық «Төлеби туы» газетіне жұмысқа тұрады. Ақ бас Алатаудың етегінде жатқан, бірі — Қасқасу, бірі — Екпінді ауылында өсіп, таудан төменге көп түспеген екі жас жігітке алғашында қаланың тіршілігі тым қызық, көп дүниесі таңсық көрінгені анық. Бірде сенбі күні екеуі жұмыста отырғанда кабинетке газеттің бас редакторы Әбдімәлік Рахманқұлов бас сұғып: «Так, жігіттер, демалыс күні де жұмысқа шыққандарың дұрыс. Мен кеңшар аралап бара жатырмын. Тапсырмаларыңды орындап, жұмыстарыңа мұқият болыңдар… Айтпақшы, мынау есіктің алдындағы газонға абай болыңдар, мал тимесін» деп тапсырманы нығыздап, шығып кетеді.

Бас редактор кеткен соң алғаш болып Шәкең тіл қатыпты:

— Ғалеке, «газон» деген не ол?…

— Соны мен де білмей отырмын ғой… Жүрші, есіктің алдын көрейік…

Екеуі есіктің алдына шығып, былай-былай қарайды. Пәлендей көзге оғаш көрінетін ештеңе жоқ. Аулада ескі бір «Газик» көлігі тұр екен. Соны ары-бері айналып, бас-аяғын қараған жігіттер ақырында «Құдай біледі, бастықтың «газон» дегені осы болар» деп топшылайды.

Сөйтіп екі сабаз кабинетте отырып, кешке дейін кезек-кезек далаға жүгіріп шығып, «Газикті» күзеткен ғой. Сәт сайын алып темірді бір айналып шығып, ешкімнің тимегеніне көздері жеткен соң қайтадан жұмыстарына кіріседі. Бұл кезде газонда сиырлар беймарал жайылып жүрген. Қарасан келгірдің бір-екеуі «Газикке» келіп сүйкеніп жатса, екі жігіт таспен атып, қайтадан газонға қуып тастайтын көрінеді.

Оралхан ДӘУІТ, «Ақ самаурын» кітабынан

Tags: газонОралхан Дәуіт
Jasyn

Jasyn

Next Post
Ауызашар

Ауызашар

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден озды

Танымал режиссер Сатыбалды Нарымбетов өмірден озды

4 года ago
Шу ауданының тұрғынынан 5 миллион теңгелік гашиш тәркіленді

Шу ауданының тұрғынынан 5 миллион теңгелік гашиш тәркіленді

1 год ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In