Кеден Одағының «Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» (КО ТР 013/2013) техникалық регламентінің 3-бабының 3.2-тармағына сәйкес, автомобиль бензині мен дизель отынын бөлшек саудада өткізу кезінде отынның атауы, маркасы, оның ішінде экологиялық сыныбы туралы ақпарат тұтынушылар үшін қолжетімді орындарда орналастырылуға тиіс. Отын-тарату жабдығында отын маркасы туралы ақпарат орналастырылады және кассалық түбіртікте көрсетіледі
Жоспардан тыс тексеріс барысында, Жанар-май құю бекетінің бағандарында, жанар-май тарату жабдығында және кассалық фискалдық түбіртекте тұтынушыларға арналған бензиннің экологиялық сыныбы туралы ақпараттың жоқ екендігі анықталды.
Бұл анықталған фактілер, Кеден Одағының «Автомобиль және авиация бензиніне, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы» (КО ТР 013/2013) техникалық регламентінің 3-бабының 3.2-тармағының талатарын және Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңының 35-бабы 1-тармағын бұзу болып табылады.
Осыған байланысты, «VIP Trade Company» ЖШС-і Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 415 бабының 1 бөлімі 1 тармағы бойынша іс қозғалып 310 АЕК мөлшерінде, атап айтқанда 1 069 500 (бір миллион алпыс тоғыз мың бес жүз тенге) айыппұл салу жөнінде Қаулы шығарылды.
Сондай-ақ, «VIP Trade Company» ЖШС-і Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 152-бабының 2-тармағы 1 анықталған бұзушылықтарды жою туралы Ұйғарым берілді.