• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Мәселе

Жамбылда 1,1 млрд теңгеге орындалған жұмыстардың 50 пайызы «далаға кетті»

Еліміздегі су шаруашылығы құрылыстары әбден тозған, кейбірі – тіпті апатты жағдайда. Технологиялық жағынан ескірген суару жүйелері қолданылады.

by Jasyn
06/03/2024
in Мәселе, Топ
0
Жамбылда 1,1 млрд теңгеге орындалған жұмыстардың  50 пайызы «далаға кетті»
0
SHARES
91
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Жоғары аудиторлық палатасының Төрағасы Наталья Годунова еліміздегі су ресурстарын басқарудың жүйелі проблемалары мен кемшіліктері туралы айтты. Бұл Жоғары аудиторлық палатаның аудиттері анықтаған кемшіліктер. — Еліміздегі гидротехникалық құрылыстардың 25 пайыздан астамы қанағаттанарлықсыз және апатты жағдайда тұр. Осыған қарамастан, каналдарды ескірген технологиялар бойынша жобалап, салып жатыр, — дейді Наталья Николаевна. — Мысалы, Жамбыл облысында 16 жер каналын реконструкциялау жобасы сапасыз жобалау, сондай-ақ судың түбі мен беткейлерінің шайылуы себебінен тоқтатылды. Бұл жобаға түзетулер енгізіліп, оның қымбаттауына әкеп соқтырды. Салдарынан 1,1 млрд теңге сомасына орындалған жұмыстардың 50 пайызы «далаға кетті».Суару жүйелерінің тозуы және ескі құрылыс технологияларын қолдану себебінен судың шығыны су алу көлемінің 50% құрайды. Жер каналдарында судың 40%-ы жай жерге сіңіп кетеді. Тағы 10%-ы ыстық пен желдің әсерінен буланады.Ең сорақысы, уәкілетті мемлекеттік орган — Су ресурстары комитеті мұны норма ретінде қабылдап, жыл сайын Қазсушарға су шығынының жоспарлы (!) көрсеткіштерін 40 пайыздан 70 пайызға дейін келісіп отырған. Мысалы, судың 70% жоспарлы шығынын РМК филиалы –  Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналына келісілген.Тағы бір мәселе. Гидротехникалық құрылыстар дайын болмаса да, 2009 жылдан бастап Қазсушар құны 422 млн теңге болатын Су ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпараттық автоматтандырылған жүйесін әзірлеу және енгізу жөніндегі жобаны іске асыруда. Сол бағамен. Осы жүйеге 6 мыңға жуық құрылысты қосу жоспарланған болатын!Аудит жүргізу кезінде (2023 жылғы мамыр), яғни 14 жылдан кейін автоматтандырылған гидротехникалық құрылыстардың үлесі 2% немесе 118 объектіні құрады. Оның ішінде 47-де ғана ақпараттық жүйе жұмыс істеп тұр. Яғни, іс жүзінде 1%-дан аз автоматтандырылған! Қазсушардың өзімен әлі интеграцияланбаған.Қомақты бюджет қаражаты бөлінгеніне қарамастан, барлық проблема су ресурстарын басқару жүйесінің өзін тиімді ұйымдастырмау салдарынан орын алған.Сондықтан Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес арнайы Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылды, Ұлттық гидрогеологиялық қызметті қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде, сондай-ақ еліміздің негізгі су шаруашылығы кәсіпорындарын реформалау басталды

.Естеріңізге сала кетейік, ҚР Жоғары аудиторлық палатасы 2023 жылы «Қазсушар» РМК-ның халықаралық қарыздарды пайдалану бойынша қаржы-шаруашылық қызметінің тиімділігіне аудит жүргізген болатын.

 

Tags: ескірген суару жүйелеріЖамбыл облысыСу ресурстары
Jasyn

Jasyn

Next Post
Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?

Қазақстанда қанша қолма-қол ақша бар және оны қаншалықты жиі пайдаланады?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстанда мүгедектерге төленетін жәрдемақының орташа мөлшері — 48 701 теңге

Қазақстанда мүгедектерге төленетін жәрдемақының орташа мөлшері — 48 701 теңге

4 года ago
Задержан гражданин, находившийся в международном розыске 14 лет

Задержан гражданин, находившийся в международном розыске 14 лет

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In