• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Спорт

Футболдан ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы Франциядан ұтылып қалды

by Jasyn
06/03/2024
in Спорт
0
Футболдан ӘЧ-2022: Қазақстан құрамасы Франциядан ұтылып қалды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

28 наурызда футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу сатысында елордада өткен Қазақстан және Франция кездесуі аяқталды

FIFA жариялаған соңғы рейтингте Франция екінші орында тұр. Ал Қазақстан онда 122-орында келеді.

Бүгінгі ойында соңғы әлем чемпионы — Франция емін-еркін қимыл көрсетті. Алғашқы минуттан шабуыл шебіне көбірек көңіл бөлді. Алаң иелері қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Осылайша тізгінді қолға алуға тырысты. Қазақстандықтар негізінен қорғанысқа көңіл бөліп, қарсыластар шабуылына төтеп берді. Дегенмен 19-минутта француздық шабуылшы Усман Дембеле қазақстандық құрама қақпасынан саңылау тапты. Ал 44-минутта қазақстандық қорғаушы Сергей Малый өз қақпасына гол соғып алды.

Екінші кезеңде француздар шабуылға көбірек көңіл бөлді. Десе де діттеген мақсатына жете алған жоқ, Тіпті, атақты футболшы Килиан Мбаппе алаң иелері қақпасына белгіленген пенальтиден мүлт кетті. Оның тепкен соққысын қазақстандық қақпашы Александр Мокин сыртқа шығарып үлгерді. Кездесуде Франция құрамасы 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша төрт ұпаймен турнир кестесінде көш басына шықты. Сондай-ақ, бүгін аталған топта Украина өз алаңында Финляндияны қабылдайды. Енді Қазақстан құрамасы 31 наурызда сырт алаңда Украинамен шеберлік байқасады. Сол күні сырт алаңда Франция Босния және Герцоговинамен жасыл алаңға шығады.

Айта кетейік, қазақстандық құрама іріктеу сатысында D тобында сынға түседі. Қарсыластары — Франция, Украина, Босния және Герцоговина, Финляндия. Бірінші турда Франция мен Украина 1:1, Финляндия Босния және Герцоговинамен 2:2 есебімен тең ойнады.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Өмірбеков пен Ергебеков қызмет күтіп жүр

Өмірбеков пен Ергебеков қызмет күтіп жүр

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Шымкентте 1 көшені таза ұстауға 25,5 млн. теңгеге бөлінген

Шымкентте 1 көшені таза ұстауға 25,5 млн. теңгеге бөлінген

11 месяцев ago
ҰБТ 15 сәуірде басталады

ҰБТ 15 сәуірде басталады

4 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In