• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Қоғам

Қызылордада жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам қаза болды

by Jasyn
06/03/2024
in Қоғам
0
Қызылордада жеке тұрғын үйде газ жарылып, төрт адам қаза болды
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының орталығы – Жосалы кентінде газ баллоны жарылып, оқиға барысында төрт адам көз жұмды.

Бұл жөнінде Қызылорда облысының әкімі Гүлшара Әбдіқалықова Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

«Қайтыс болған азаматтардың туған-туыстарына Сыр елі жұртшылығы атынан қайғыра көңіл айтамын. Бұл бәрімізге де жеңіл тимеді. Қазіргі таңда осыған байланысты мәселе менің тікелей бақылауымда тұр. Өрттен, судан, басқа да апаттан аман болайықшы, жерлестер», — деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, оқиға Қармақшы ауданы, Жосалы кенті, Рүстембеков көшесіндегі №29 жеке тұрғын үйде түскі 13:30 кезінде болған. Онда 27 литрлік газ баллоны жарылып, өрт 144 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрттен С. Өміртаева (2001ж.), Р. Айтмаханова (1981ж.), Н. Айтмаханова (2000ж.), С. Мырхиев (1999 ж.) көз жұмды. Өрт сөндіру бөлімшесі келгенге дейін 1950 жылы туған С.Алмаханова жергілікті аурухананың хирургия бөлімшесіне жатқызылған.

Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар департаментінен (16 қызметкер және 4 бірлік техника), ӨКМ (20 қызметкер және 4 бірлік техника), ЖАО (10 қызметкер және 3 бірлік техника), прокуратура (3 қызметкер, 1 бірлік техника), БСМК (8 қызметкер және 3 бірлік техника), КРЭК (3 қызметкер және 1 бірлік техника) жұмылдырылды.

Jasyn

Jasyn

Next Post
Доллар қайда барасың?

Доллар қайда барасың?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін өнімнің айналымын бақылау нәтижелерін жариялады

Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін өнімнің айналымын бақылау нәтижелерін жариялады

2 года ago
Жүрегің мейірімді, ниетің таза болуы керек

Жүрегің мейірімді, ниетің таза болуы керек

8 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In