• RU
Среда, 21 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home Әлеумет

Айгүл Қапбарова: Қоныс аударушылардың бәрі бірдей заңға сәйкес мемлекеттік қолдау шарасын ала алмайды

by Jasyn
06/03/2024
in Әлеумет
0
Айгүл Қапбарова: Қоныс аударушылардың бәрі бірдей заңға сәйкес мемлекеттік қолдау шарасын ала алмайды
0
SHARES
5
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Депутаттың айтуынша, ауылдың ауыр жағдайына байланысты қала халқы өте тез өсіп барады. Қазақстанда урбанизация деңгейі қазір 62% құрап отыр.

«Барлық қала мен қалаға жақын орналасқан аудандар үшін үлкен мәселе – тіркелген және нақты тұратын тұрғындар санының сәйкес келмеуі. Көптеген әлеуметтік және инфрақұрылымдық мәселелерді қаржыландыру ең алдымен халықтың нақты есебінен қалыптасатыны белгілі. Мектептер, емханалар немесе орталықтандырылған жылумен, сумен жабдықтауға қосылуға қаражат сұрату үшін экономикалық негіздеме және халықтың нақты саны қажет. Осыған байланысты Ұлттық статистика бюросы нақты тұрғылықты жері бойынша халықтың ағымдағы санын есепке алу әдістемесіне көшуді қарқынды жүргізуі керек», — деді Айгүл Қапбарова.

Сенатор жұмыс күші артық өңірлерден жұмыс күші тапшы облысқа  көшіп-қону мәселесіне де тоқталды. Депутат қазір экономикалық ұтқырлық сертификатын ұсынудың жаңа тетігі іске қосылғанын, ол бойынша мигранттарға оның құнының 50% мөлшерінде тұрғын үй сатып алу кезінде қаржылай көмек көрсетілетінін атап өтті. Алайда, бұл сертификатты барлық мигранттар ала бермейді, өйткені кейбір аймақтарда қаржы жетіспейді.

«Елдің солтүстік өңірлеріне қоныс аударушылардың несиелеріне 12 ай аралығына дейін кредиттік каникул беру керек. Ел ішінде жұмыс күші тапшылығы бар өңірлерге азаматтарды қоныс аударуды ынталандыру мақсатында тиісті бейімдеу және интеграциялау орталықтары құрылуы тиіс. Экономикалық ұтқырлық сертификатының мөлшерін қала мен елдімекендегі тұрғын үйлердің нарықтағы баға айырмашылығын ескере отырып белгілеу керек. Шекара маңы өңірлерінде еңбек өтілін есептеу коэффициентін жоғарылатуды енгізу мәселесін зерделеу керек, бұл еңбекке қабілетті азаматтардың қосымша ағынын тартады», — деді сенатор Қапбарова.

 

Tags: Қоныс аударушыларсенатор Қапбарова.
Jasyn

Jasyn

Next Post
Отменить налог при выплате пенсионных накоплений из ЕНПФ предлагает сенатор Бекболат Орынбеков

Отменить налог при выплате пенсионных накоплений из ЕНПФ предлагает сенатор Бекболат Орынбеков

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Аягөз ауданында 10-нан астам ауылды жапқалы жатыр

Аягөз ауданында 10-нан астам ауылды жапқалы жатыр

4 месяца ago
Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербеков АҚШ қазақтарын алдап кетті деп айыпталды

Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербеков АҚШ қазақтарын алдап кетті деп айыпталды

3 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In