Алайда, Палата Төрағасы вице-министрдің жұмысқа деген мұндай ұстанымын сынға алды. Мәулен Әшімбаев Сенат отырыстарына дайындықсыз келуге болмайтынын атап өтті.
«Сенатор салыққа ғана емес, дивидендтерге де қатысты сұрақ қойды. Сондықтан алдағы уақытта осындай кездесулерге дайындалып келіңіздер. Бұған дейін сұрақ қойған Алишер Сатвалдиевтің сауалына да жазбаша жауап беремін дедіңіз. Енді осы мәселенің де өз министрлігіңізге еш қатысы жоқ екенін айтып отырсыз. Сіз бүгінгі отырысқа Үкіметтен бас спикер ретінде шақырылдыңыз. Сондықтан әріптестеріңізбен мәселелерді алдын-ала талқылап, цифрларды талдап, тыңғылықты дайындалып келуіңіз керек еді», – деді Мәулен Әшімбаев.