• RU
Четверг, 22 мая, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Жамбыл облысында жыл басынан бері полиция бөліміне 7 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
Жамбыл облысында жыл басынан бері полиция бөліміне  7 мыңға жуық кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді
0
SHARES
1
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Тәртіп сақшылары жастардың көп  шоғырланатын  және ойын-сауық орындарын тексереді, сондай-ақ ішкі істер органдарында есепте тұрған жасөспірімдердің үйлеріне барады.

Қазіргі таңда полиция бөлімшелерінде  341 жасөспірім және 336 тұрмысы нашар отбасы, 60  ата-аналық  құқығынан айырылған немесе шектелген ата-ана есепте тұрады.

Жыл басынан бері полиция бөліміне  түрлі қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасаған  6937 кәмелетке толмаған жасөспірім  жеткізілді.

Балаларды тәрбиелеу жөніндегі  міндеттерін  тиісінше орындамағаны үшін 339 ата-ана,  сондай-ақ кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғын үйден тыс жерлерде заңды өкілдерінсіз  жүргені  үшін  6 200-ге жуық ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі инспекторлар құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу тақырыбында жасөспірімдермен және олардың ата-аналарымен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

— Біздің мақсатымыз — балалармен сенімді қарым-қатынас орнату. Ол үшін ата-аналар отбасында балаларына  полиция қызметкерінің қиын уақытта әрдайым көмекке келетін   досы әрі қорғаушысы  екенін түсіндіруі  өте маңызды. Себебі, кәмелетке толмаған жасөспірімдер  өз құпияларын  ата- аналарына қарағанда полиция қызметкерлеріне сеніп айтқан  жағдайлар аз емес. Бұл өз кезегінде болуы мүмкін бiрнеше ауыр жағдайлардың алдын алуға көмектесті, — деді Жамбыл облысы ПД ЖПҚБ  ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.

Сонымен қатар, полиция  қызметкерлері   кәмелетке толмағандарға түнде болуға тыйым салынған ойын-сауық орындарына тексеріс жүргіздi. Мұндай мекемелердің 199 әкімшісіне  заң бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды.  Оларға  2 миллион 928 мың теңге көлемінде әкімшілік  айыппұл салынды.

 

Құрметті ата-аналар, балаларыңызбен жиi сөйлесiп, уақытын  қалай  өткізетініне  бақылауды күшейтулерiңiздi, әсіресе түнгі  уақыттағы тәртіптері  мен қауіпсіздіктеріне назар аударуларыңызды сұраймыз!

Tags: жасөспірім
Jasyn

Jasyn

Next Post
Пенсионер лишился водительских прав за пьяное вождение  в Жамбылской области

Пенсионер лишился водительских прав за пьяное вождение в Жамбылской области

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

Ауыр атлет Ерасыл Сәулебеков жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

3 года ago
Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін өнімнің айналымын бақылау нәтижелерін жариялады

Мемлекеттік кірістер комитеті акцизделетін өнімнің айналымын бақылау нәтижелерін жариялады

2 года ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In