Осы жағдайда анасы ұқыптылық танытып, баласына мұқият қарағанда жазатайым оқиғаның алдын алуға болатын еді. Егер ата-аналар мен ересектер балалардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілікті сезінсе, олардың әрдайым жақындарының ортасында отыруына себепкер болатынын түсiнуi қажет.
Полиция қызметкерлері ата-аналардың назарын өте маңызды мәселеге — балалардың жарақаттануы көбiнде ересектердің немқұрайлылығы салдарынан орын алып жатқанына аударғысы келедi.
2023 жылдың 10 айында балалардың қатысуымен 284 жол-көлiк оқиғасы тіркелді, онда 23 бала қайтыс болса, 353 бала жарақат алған.
Зардап шеккен балалардың жартысынан көбі — тасымалдау ережелері бұзылған, яғни балаларды ұстап отыратын құрылғыларсыз автомобильдердегi жолаушылар болып отыр. Жыл басынан бері осындай бұзушылықтарға жол берген 1313 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ықтимал қауіптердің алдын алу және баланы олардан қорғау – ата-ананың басты міндеті екенін еске салады!
Фото: Жамбыл облысының Полиция департаменті