• RU
Пятница, 4 июля, 2025
  • Login
No Result
View All Result
Бізге жазылу
JASYN
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
  • Экономика
  • Әлеумет
  • Әлеуметтік желіден
  • Заң
  • Қаржы
  • Қоғам
  • Мәдениет
  • Отбасы
  • Сарапшы
  • Сұхбат
  • Ақ самаурын
No Result
View All Result
JASYN
No Result
View All Result
Home құқық

Жамбылдық полицейлер рейдтің бірінші күні көлікте әйелі мен үш баласы бар мас жүргізушіні анықтады

by Jasyn
06/03/2024
in құқық
0
Жамбылдық полицейлер рейдтің бірінші күні көлікте әйелі мен үш баласы бар мас жүргізушіні анықтады
0
SHARES
0
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Іс-шараны өткізу барысында учаскелік инспекторлар өздерінің әкімшілік аумақтарында пәтерлер мен аулаларды аралап шықты. Тексеру кезінде ҚР ішкі істер органдарында есепте тұрған 339 адам қамтылып, олармен белгіленген шектеулерді бұзудың 14 дерегі анықталды.

Сондай-ақ, полицейлер 3000-ға жуық әкімшілік құқық бұзушылықты, оның ішінде 172 абаттандыру ережелерін бұзу, 27 ұсақ бұзақылық, 85 алкогольдік ішімдік ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу, 86 кәмелетке толмағандардың түнде ойын-сауық орындарында және ересектердің еріп жүруінсіз үйден тыс жерде болу деректерін анықтады.

Іс-шара барысында полицейлер көлік құралдары жүргізушілері мен жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережесін бұзушылықтарын анықтап, алдын алу жұмыстарын жүргізді. Мысалы, 163 жүргізуші жылдамдық режимін бұзғаны, 15 жүргізуші бағдаршамның тыйым салу белгісінен өткені үшін жауапқа тартылды, ал 198 жаяу жүргіншіге қатысты жолдың белгіленбеген жерден өткені үшін хаттама толтырылды.

Қабылданған шараларға қарамастан, кейбір азаматтар мас күйінде көлік жүргізуді жалғастыруда, бұл жауапсыз әрекет олардың, сондай-ақ жол қозғалысының басқа қатысушыларының өміріне қауіп төндіреді.

Мәселен, облыс орталығының көшелерінің бірінде полиция қызметкерлері жол ережесін бұзғаны үшін «Тойота» маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеруден кейін жүргізушінің мас күйде екендігі анықталды. Көлік ішінде әйелі мен үш жас баласы болған.

Құқық бұзушыға ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 1-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылды. Енді ер адам 15 тәулік мерзімге қамауға алынып, жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылады.

Рейдтің бірінші күні мас күйде 12 жүргізуші ұсталды, олардың көліктері арнайы тұраққа қойылды.

Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарға қоғамдық тәртіп пен жол ережесін бұзбауды ескертеді.  Құқық тәртібін бұзу деректері туралы полицияға дереу хабарлауды сұраймыз.

Tags: Құқықтық тәртіп
Jasyn

Jasyn

Next Post
В ходе ОПМ «Правопорядок» был задержан водитель, который на смерть сбил пешехода и скрылся с места происшествия

В ходе ОПМ «Правопорядок» был задержан водитель, который на смерть сбил пешехода и скрылся с места происшествия

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Recommended

Қазақстан ластану деңгейі бойынша ең нашар елдердің тізіміне енді

Қазақстан ластану деңгейі бойынша ең нашар елдердің тізіміне енді

3 года ago
Мемлекет жастардың еңбекқор болуы үшін бар жағдайды жасап отыр

Мемлекет жастардың еңбекқор болуы үшін бар жағдайды жасап отыр

11 месяцев ago

Popular News

    Connect with us

    Jasyn

    Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18
    SUBSCRIBE

    Яндекс.Метрика

    Біз туралы

    We bring you the best Premium WordPress Themes that perfect for news, magazine, personal blog, etc. Check our landing page for details.

    • About
    • Advertise
    • Careers
    • Contact

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    No Result
    View All Result
    • Home

    © 2024 Jasyn.kz - Jasyn ақпараттық портал. Барлық қүқық қорғалған.+18 Jegtheme.

    Welcome Back!

    Login to your account below

    Forgotten Password?

    Retrieve your password

    Please enter your username or email address to reset your password.

    Log In